• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қазан 2025

    Роналду — алғашқы миллиардер футболшы

    Bloomberg агенттігінің мәліметіyt қарағанда, португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың байлығы 1,4 миллиард долларға бағаланды, деп хабарлады ТАСС. Енді ол доллар миллиардері атанған алғашқы футболшы болды. Bloomberg алғаш рет португалиялық шабуылшының таза байлығын бағалап, оны Bloomberg миллиардерлер индексіне енгізді. Роналду 2023 жылы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен рекордтық 200 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды. Оның келісімшарты маусым айында ұзартылды. Қазір оның құны 400 ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

    Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғады. Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша ...

    Read More »

    Жасөспірімдердің денсаулығы — басты назарда

    БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі Алматыда алғашқы «Шексіз армандар» атты қайырымдылық UNICEF Gala кешінің бағдарламасы мен тұжырымдамасын ресми түрде таныстырды. Алдағы уақытта өтетін бұл кеш жасөспірімдердің менталды (психикалық) денсаулығын нығайтуға арналған ұлттық бағдарламаны қаржыландыру үшін бизнес, мәдениет және медиа көшбасшыларының басын қосады. Кештің негізгі мақсаты — жасөспірімдерді қолдаудың кешенді жүйесінің ауқымын кеңейтуді қамтамасыз ету: толық іске қосылған кезде бағдарлама ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан жүзушілері 11 медаль алды

    Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Қазақстан — 190.1663 Таиланд — 154.5151 Өзбекстан — 141.1051 Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: көркем жүзуден — күміс жүлде

    Бүгін — Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жарыс күні, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Осы күні Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Өзбекстан (Хадиша Агзамова, Сабина Махмудова) — 209.9784 Қазақстан (Даяна Джаманчалова, Ясмин Тұяқова) — 206.6363 Қытай (Сии Чэнь, Ютун Цзян) — 183.4671   ...

    Read More »

    Талғат Байсуфинов: «Қазір ең маңыздысы – жас пен тәжірибенің үйлесімі»

    Қазақстан ұлттық құрамасы командасы бас жаттықтырушысының  міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ұлттық командаға қайта оралуы, кадрлық шешімдер мен ойыншылардың жағдайы туралы айтты. – Талғат Маруаұлы, төрт жылға жуық уақыттан кейін ұлттық құраманың тізгінін қайта ұстадыңыз. Бұл шешімді қабылдағанда қандай сезімде болдыңыз? – Қазақстан құрамасына қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінемін. Бірақ тез ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: қоржында әртістік жүзуден алтын жүлде бар

    Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында құрама команданың арулары еркін бағдарламада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Нәтижесінде әйелдер арасындағы командалық есепте қыздар 267.0639 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Өзбекстан құрамасы – 187.3013 ұпаймен күміс медаль еншілесе, Тайланд спортшылары 180.9401 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: көркем жүзуден бесінші алтын жүлде қоржында!

    Үндістаннның Ахмедабадад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден төртінші алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан құрамында Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова мен Валерия Столбунова өнер көрсетіп, командалық сында үздік шықты. Қазақстан  221.9525 ұпай жинаса, екінші орынды 210.5775 Таиланд ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: каратэден Қазақстан құрамасы қоржынға 3 алтын медаль салды

    Әзербайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары тағы 8 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін Мингячевир қаласында каратэшілер 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдемен жарысты аяқтады. Дархан Теміралиев (-60 кг), Айжан Бәкірова (-61 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) алтын жүлде алса, күміс медальді Асылай Савидова ...

    Read More »

    Дана Әбдірова мен Алан Құрманғалиев — жүлдегер!

    Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол әйелдер арасында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Мио Широканеге есе жіберді. Әлем чемпионаты 8 қазанда аяқталады. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің ...

    Read More »