• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қаңтар 2026

    Пара биатлоннан Әлем кубогы: Ербол Хамитов — қола жүлдегер!

    Пара биатлоннан өткен  Әлем кубогында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21  секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал  екінші  орынды  АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Пара биатлонан Әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында болды. Оған Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, ...

    Read More »

    Әмір Омарханов ITF M15 турнирінде топ жарды

    Әмір Омарханов Испанияның Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жұптық сында жеңімпаз атанды. Омарханов жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, америкалық Гэвин Янгпен бірге төрт матч ойнады. Дуэт жартылай финалда Ұлыбританияның тілшілері Джо Литер мен Маркус Вальтерстен 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Соңғы ойында аустралиялық Тай Хостпен және ресейлік Егор Плешивцевпен жеңімпаз атағын иеленді. Бірінші ...

    Read More »

    Президент Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады, деп хабарлады Ақорда. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы ...

    Read More »

    WTT Youth Contender: Назерке Болатбек — қола жүлдегер!

    Жас теннисші Назерке Болатбек Қатарда үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender турнирінде қола медальді жеңіп алды. Ол 13 жасқа дейінгі жас санатында үш ойында жеңіске жетті. Ал жартылай финалда Мысыр спортшысы Заки Малакқа есе жіберді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Қазақстан шорт-тректен төрт медаль жеңіп алды

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Шорт-трек федерациясы. Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдені жеңіп алды. Спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды. ...

    Read More »

    Александра Скороходова тау шаңғысынан жеңімпаз атанды

    Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды. Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үшінші орынға АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер ие болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Сайыпқыран. Жас балуанның жарқын жеңісі

    Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ауданымыздың мақтанышы Рауан Ғазизов жақсы нәтиже көрсетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған додада жас балуан Ерейментау ауданының абыройын асқақтатты. Чемпионатта ол алты рет бозкілемге шығып, соның бесеуінде жеңіске жетіп, тек бір белдесуде ғана жеңіліс тапты. Рауан финалда Қызылорда облысының балуанымен күш сынасты. Тартысқа толы белдесулер жас спортшының жарысқа дайындығын, табандылығын және жеңіске деген жігерін ...

    Read More »

    Стенд атудан АЧ: Қазақстан тағы бір алтын жүлде алды

    Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдені иеленді. Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина мен Наргиза Сарманова алтын медальді жеңіп алды. Олар «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік атанды. Сонымен бірге «трап» дисциплинасында отандастарымыз жекелей сында да жақсы өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі ...

    Read More »

    Түркістанда Қазақстан чемпионатына 1052 шахматшы қатысып жатыр

    Түркістан қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Дүбірлі сынға еліміздің барлық өңірінен 1052 спортшы тіркеліп, сынға түсіп жатыр. Чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. – Қасиетті Түркістан қаласына қош келідіңіздер! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде зияткерлік спорт түрлерін, оның ішінде шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.  Осы ...

    Read More »

    Қыр астында — Ақ Олимпиада

    Биыл – қысқы Олимпиада жылы. Биыл тағы да сайыпқырандарымыз төрт жылда бір келетін осынау дүрмекті додада бақ сынайды. Бұл байрақты бәсеке 7-16 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында болады. Ойындардың ресми белгілері – Тина және Мило атты екі ақкіс. Олардың эскизін мектеп оқушылары әзірлеген. Барлығы 1600 дизайн ұсынысы қабылданған. Италия тарихта төртінші рет Олимпия ойындарын өткізеді. Миланда алғаш рет ...

    Read More »