Теннисші Жібек Құламбаева Италияның Бари қаласында жұптық сында өтіп жатқан WTA125 челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска мен румыниялық Ирина Барэні жеңді. Теннисшілер қарсыластарынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Енді Құламбаева мен Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, отандасымыз Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва немесе ...
Read More »Жарыс
Шақырту кубогы: Қазақстан волейболшылары алғашқы жеңісіне жетті
Волейболдан еліміздің ерлер командасы Бахрейнде өтіп жатқан шақырту кубогында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлады olympic.kz. Ұлттық құрама Таиланд командасымен кездесіп, қарсыластарынан 3:2 (25-21, 22-25, 25-23, 19-25, 15-13) есебімен басым түсті. Матч өте тартысты және қызықты болды. Осы турнирдегі бірінші ойында Қазақстан Пәкістаннан 0:3 есебімен жеңілген болатын.
Read More »Қазақстан командасы садақ атудан Азия кубогына қатысады
Садақ атудан еліміздің құрама командасы Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында Азия кубогы үшін өтетін турнирге қатысады. Қазір құрама толығымен жасақталып, спортшылар жарысқа аттанды, деп хабарлады olympic.kz. Құрлық додасында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко ел намысын қорғайды. Спортшылар Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. Одан басқа, Денис Ганкин, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Елизавета Авдеева, Сергей Христич, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Әсет ...
Read More »Дзюдошылар өзара Олимпиаданың жолдамасы үшін күреседі
Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау мақсатында іріктеу белдесудің болатынын хабарлады. Іріктеу белдесуге олимпиадалық рейтингте үздік нәтиже көрсеткен балуандар Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады. Олар Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар тізіміне кіріп отыр. Іріктеу белдесулері 7 маусымда ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында болады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық ...
Read More »Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты
Теннисші Әмір Омарханов Ролан Гаррос» турнирінің жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысында жұптық сында екінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге алғашқы ойынын франциялық Антуан Фато мен Даниэль Жадемен ойнап, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Енді Омарханов – Дерепаско дуэті ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық ...
Read More »Нысана көздеуші Александра Ле маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті
Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы Александра Ле 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды. Александра Ле биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жақындап келеді
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Осылайша әлемнің төртінші ракеткасы қарсыласына 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесянмен немесе италиялық Ясмине Паолинимен ойнайды. Теннисші Францияның ...
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты
Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнады. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға шыққанымен, бұдан кейін Қазақстан теннисшісі ойындағы басымдықты толық ...
Read More »Астанада алғаш рет сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді
Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы мен Өзбекстан командалары қатысады. Әлемдік доданың ашылу салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-маусымда «Жекпе-жек» сарайында болады. Чемпионат 10-маусымға дейін жалғасады. Құралай ӘШІМХАНОВА, АСТАНА
Read More »1 маусымда Астанада бұқаралық велошеру өтеді
Астана қаласында 1 маусымда есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі. Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағына дейін жүріп өтеді. Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін болады. Шеру сағат 08:00-де басталады. Тіркелу тегін. Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде ...
Read More »