Қырғызстаның Бішкек қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстанның үш балуаны Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2:1 есебімен басым түскен. Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын жүлде алған Айдос Сұлтанғали алғаш рет ...
Read More »Жарыс
Бұл – үлкен жетістік: Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады (ВИДЕО)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады. Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!, — деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында. Бүгін Рыбакина WTA 500 турнирінде әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Read More »Темірхан Дайырбек Паралимпиада лицензиясын иеленді
Пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2 000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді. Ал ...
Read More »Олимпиадаға академиялық ескек есуден алғашқы жолдама түсті
Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті. Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды. Ұлттық құраманың спортшысы 2 000 метрге жарыста негізгі қарсыласы Мемодан (Индонезия) жылдам болды. Қазір Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді (ВИДЕО)
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен ...
Read More »Спорттық гимнастика: Милад Карими — Әлем кубогының иегері! (ВИДЕО)
Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) жеңімпаз атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінші сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаусқа (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) бұйырды. Бүгін Милад Карими қоссырық ...
Read More »Олимпиада-2024: Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен үшінші жолдаманы алып берді (ВИДЕО)
Қырғызстанның астанасы — Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде 97 келі салмақта сынға түсіп, жолдама алған Әлішер Ерғалидан кейін ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев та Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Аса ауыр салмақтағы балуанымыз Бахрейн өкілі Шамиль Магомедовты тізе бүктіріп, екінші рет Олимпиялық ойындарға баруға мүмкіндікке ие болды. Бұған дейін ол ширек финалда Юсуп ...
Read More »Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама шықты
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың екінші айналымында Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын. ¼ финалда теннисшіміз 2 сағат 10 минутқа соқылған аса тартысты ойында италиялық Ясмина Паолиниді 2:1 (6:3, 5:7, 6:3) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама ...
Read More »Гимнасшы Аида Бауыржанова Әлем кубогының финалына шықты
Бүгін спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде тағы екі спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда сынға түскен Аида Бауыржанова 12.800 ұпай жинап, 6-орынмен финалға шықты. Ал Дарья Ясинская үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады. Бөрене жаттығуында Дарья Ясинская 22-орынға (11.833) тұрақтаса, Аида ...
Read More »Саха Республикасында асық ойынын дамыту қолға алынады
Бүгін Астана қаласында Саха (Якутия) Республикасының Қазақстандағы күндері басталды. Астана мен Алматы қалаларында 21 сәуірге дейін жалғасатын күндер аясында бауырлас екі ел арасындағы мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған. Іс-шараның бірінші күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдап, екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, кен өндіру, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Сонымен қатар Асық ...
Read More »