• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қоғам

    Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да депутат болғысы келетінін айтты

    Мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева Алматы қаласы мәслихатының депутаты болғысы келетінін айтты. Ол кандидат болып сайланатынын хабарлады.   Менімен жақсы араласатын адамдар кез келген кәсіпті ұршықша үйіріп әкететінімді біледі. Мен қандай жұмыс, шаруа болсын, бәрін тиянақты етіп, жанашырлықпен істеймін. Жарысқа дайындыққа аса жауапкершілікпен қараймын. Сабағымды да жақсы оқимын. Мен күн сайын жаңа биіктерге жеткім келеді.  Бұл – менің ...

    Read More »

    Ақтаудағы Мұз айдыны ғимаратының құрылысы неге тоқтап тұр?

    Ақтау қаласының 32-шағын ауданындағы Мұз айдыны ғимаратының құрылысы жылдар бойы сол қалпында тоқтап тұр. Екінші рет мерзімін ұзартқанның өзінде, былтыр жазда бітуі тиіс еді. Еш өзгеріс байқалмайды. Енді нысан паспортындағы аяқталу мерзімін бояп өшіріп тастапты. Өйтіп кімді алдаймыз?! Осыдан соң Маңғыстауда қысқы спорт түрлері қайдан дамиды? Жазда күнге күйіп жүріп, арнайы бақылап едім. Қыстың боранды күнінде тағы да тексеріп кеттім. ...

    Read More »

    Стадион салынуға тиіс жер сегіз жылдан бері бос жатыр

    Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы салынуға тиіс учаске сегіз жылдан бері бос жатыр. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен аудан әкімі Ержан Күмісқалиев ол жерде бір жарым жылдан бері қоқыс контейнерлері мен электр бағаналары жатқанын біле ме екен? Бұл – балалар үшін қауіпті әрі зиян. Ал әкімдеріміз өз балалары бармайтын жер болғасын, басын ауыртқысы келмейтін ...

    Read More »

    Мүсілім Оңдағанов бостандыққа шықты

    Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов тоғыз жыл жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы «Мой город» хабарлады. Ол 2014 жылғы ақпан айында бюджет қаражатын жымқырып, қылмыстық топ құрды деген айыппен 12 жылға сотталған болатын. Одан кейін оның жазасы 9 жылға қысқарды. 2020 жылы тамыз айында Оңдағанов жазасын өтеп жатқан Қостанай облысындағы колонияда 7 жыл ...

    Read More »

    Ұры боксшының үйінен ақша толы сөмкелерін алып кеткен

    Бокстан IBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың үйіне ұры түсті. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыс сәтінде үй ауласында жүрген белгісіз ер адам видеоға түсіп қалған. Алайда ол капюшон киіп алғандықтан, кім екені әлі белгісіз. Осыдан бір күн бұрын Фируза Шарипова Малавиядан келген Рут Чисалемен өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына аттанған. Боксшының үйіне ұры түнде ...

    Read More »

    Атақты футболшы абақтыға қамалды

    Бразилия құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубы бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті әйел зорлады деген күдікпен ұсталды. Оны айыптаған бойжеткен полицияға оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарғанда ол бірден кеткісі келетінін айтқан. Бірақ бразилиялық оны жібермеген. «Мен оның есіктің артында тұрғанын білмедім. Тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым. Бірақ ол менен әлдеқайда ...

    Read More »

    Биыл 560 мың бала спорттық секциямен қамтылады

    Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына баса назар аударылады. Бұқаралық спортты, оның ішінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр мемлекеттік тапсырыс аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан ...

    Read More »

    Жаттықтырушы-оқытушыларға үстемақы енгізіледі

    Мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай әр категория үшін үстемақы енгізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты. Жиында министр спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін азаятынын атап өтті. Сонымен бірге мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін ...

    Read More »

    Алматыдағы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды

    Алматыдағы Республикалық спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Министрлікке келіп түскен түйткілді мәселелерді саралап, шешу жолдарын қарастырып жатырмын. Солардың ішінде маңыздысы – Алматыдағы «Республикалық спорт колледжі» жанындағы мектеп-интернаттың жұмысын қайта жандандыруға қатысты ата-аналар мен ұстаздар тарапынан түскен өтініштер. Былтыр аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ...

    Read More »

    Тимур Турлов президент Тоқаевпен кездесті

    Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады. Кездесуде елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнирлердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Тимур Турлов федарацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтуды, шахматты одан әрі дәріптеу ...

    Read More »