• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қоғам

    Қытайдан жаяу шыққан қандас Астанаға жетті (ВИДЕО)

    Бүгін 1 мамырда Қытай Халық Республикасынан жаяу шыққан 26 жастағы қандасымыз Есбол Асқарұлы Астанаға жетті. Ол өзінің туған жері Шыңжаңның Манас ауданынан елордаға 60 күнде 3 мың шақырымды жаяу жүріп келді. Марафоншыны Бауыржан Момышұлы мен Қордай көшелерінің қиылысында орналасқан Достық үйінде қала тұрындары мен қонақтары қарсы алды. Кездесуде Алматы ауданы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің Есбол Асқарұлына алғыс хат табыс етілді. ...

    Read More »

    Qazsport телеарнасына 10 жыл толды (ФОТО)

    Астанада Qazaqstan телерадиокорпорациясы Qazsport телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өткізді, деп хабарлады ТРК-ның баспасөз қызметі. Open Air  пішінінде ұйымдастырылған мерекелік кешке Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент депутаттары, федерация өкілдері мен спортшылар қатысты. Qazsport телеарнасы Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап ашылды. Осы аралықта арнаның хабар тарату ...

    Read More »

    Сұлулыққа әркімнің де бар таласы… (ФОТО)

    Алматыда «Italian Beauty Days» ауқымды шарасының ашылуы өтті. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің Сауда алмасуды дамыту бөлімі (СДБ) мен Cosmetica Italia косметикалық компанияларының ұлттық қауымдастығы италиялық парфюмерия және косметика саласының жетекші өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы заманауи сұлулық индустриясының алғашқы іс-шарасы болып отыр. Аталмыш іс-шараға италиялық парфюмерия мен косметика өндірушілері қатысты. Қабылдау үйіндегі шараға Италияның 22 ірі өндірушісі Қазақстан, ...

    Read More »

    Қазақстан балмұздақ экспортын ұлғайтпақ

    Қазақстан балмұздақ экспортын ұлғайтады. Сала көшбасшысы «Шин-Лайн» шетелдік нарықтарға негізгі жеткізуші болып қала береді. Елімізде балмұздақ нарығының сыйымдылығын қысқарту үрдісі байқалды. Статистика органының деректеріне сәйкес, егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 48 671 тоннаны құраса, 2022 жылы – 45 553 тонна, бұл ретте теңгенің долларға шаққандағы бағамының өзгеруі есебінен нарық сыйымдылығы 39 954 млн теңгеден 44 522 млн теңгеге дейін өсті. ...

    Read More »

    Петропавлдағы стадионнан адамның сүйектері табылды

    Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйегінің қалдықтары табылды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, 14 маусымда сағат 09.59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылғаны туралы хабар келіп түскен. Сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын сол аумақта болған зиратқа тиесілі екені анықталды. Бұл дерек Петропавл полиция басқармасында тіркелді. Бұған дейін Алматы облысында репрессия ...

    Read More »

    Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше қосымша құзырет беріледі

      Ашық НҚА порталында «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы талқыға шығарылды. Құжатта атап көрсетілгендей, Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша мына қызметтер беріледі: — мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрып, ережені бекітіп береді; — мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді; — архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен ...

    Read More »

    Жансая Әбдімәліктің кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

    Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт өзінен 11 жас үлкен, деп хабарлайды Qaz365.kz. Ол – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев. Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай ...

    Read More »

    Спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін төлем мөлшері белгіленді

    Мәдениет және спорт министрлігі «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Бұйрық-жобасында жазылғандай, өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушыларға тағайындалады: — Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе спорттың ...

    Read More »

    Биылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% өсті

    2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5%-ға ұлғайды. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 мың теңгеден 13 мың теңгеге дейін өскен. Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр, — ...

    Read More »

    Халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына қанша мөлшерде сыйақы төленеді?

    Мәдениет және спорт министрлігі «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы» бұйрық әзірледі. Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында бірінші орын алғандар 250 мың доллар, екінші орын алғандар 150 мың доллар, үшінші орын алғандар 75 мың доллар алады деп белгіленді. Бұл ретте сыйлықақылар 4,5 және 6 орын үшін ...

    Read More »