• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    365info.kz

    ҰОК президенттігіне сайлау: Бүкіл әлем тік тұрып қол соққан Серік емес пе!!!

    … Ал, Ұлттық Олимпиадалық комитетіне нағыз төраға керек болса, неге даңқты Серік ҚОНАҚБАЕВТЫ еске алмадық?! Сонау Совет заманында-ақ бүкіл әлемнің спорт жанкүйерлерін: «Шіркін-ай, мынау кім, кімнің баласы, қай ұлттың ұланы?!» дегізген ғажап ұлдарымыздың бірі емес пе СЕРІК?! Спорт майданында (Қылышынан қан тамған Кеңес кезеңінде!) дүниені дүр сілкіндірген Серік бүгін де тірі! Ел құсап көрінген жерден сығаламай,оңды-солды ұрынбай, өз жұмысын біліп, тәуба, аман-есен жүріп жатыр. Егер ҰОК білгір басшы керек болса, Серікті неге ұсынбасқа?! МЕН ҰСЫНАМЫН СЕРІКТІ де! Өйткені, бұл қоғамдық ұйымның басшысын ТАҒАЙЫНДАМАЙДЫ — САЙЛАЙДЫ!

    …Кейбір жандар Серік түгілі Дәулеттің жасы келген деп жатыр. Бұл — оңбай қателесу! Керісінше мұндай ұйымның басында толысқан, өмірден мол тәжрибе жинаған жандар болуы керек! Өйткені, ол төраға күреске де, бокске де, жүгіру-секіруден жарысқа да түспейді ғой. Жасы ұлғайған жан МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ғана ұзақ еңбек ете алмайды. Ал, ҰОК секілді қоғамдың ұйым қызметіне келсек,мен білетін мың елдің ҰОК басшылары жасы үлкен, қақты-соқтыдан тоқтаған жандар.

    ҚАРАҢЫЗ: Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Томас БАХ мырза 70 жастан АСТЫ! Кім оған кәрісің деп кінә қойып отыр?! Ел Президенті де 70-тен асты. АҚШ Президенті 80-нен асты…

    Мен біреудің немесе бірнешеудің жыртысын жыртып отырған жоқпын. Мен ҰРПАҚТАРЫМЫЗ өмір сүретін ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА дұрыс жол, дұрыс таңдау болса екен деген ой үшін ғана ҚҰРБАН БОЛЫП ОТЫРМЫН!

    «ЕЛ БОЛСА ЕР ТУҒЫЗБАЙ ТҰРА АЛМАЙДЫНЫ!» айтқан халықтың баласы болсақ,ентігіп жүгіре бермей,бір уақыт тоқтап, демімізді алып,жан-жағымызға көзімізді кеңірек аша қарағанымыз жөн-ау осы!

     

    Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,

    спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *