• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Абу-Дабиде Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан екі жүлде жеңіп алды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында мәнерлеп сырғанаудан Abu Dhabi Classic Trophy-2024 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы София Фарафонова эстониялық Натали Лангербаурға есе жіберіп, 129.30 ұпаймен екінші орынға ие болды. Тағы бір отандасымыз Анна Левковецке (127.79 ұпай) қола жүлде бұйырды. Сондай-ақ Нұрия Сүлеймен  төртінші орыннан көрінді.

    Турнирге барлығы 31 елден 9 спортшы қатысты.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *