Alternativa Film Labs Орталық Азияда Development Lab бағдарламасының аясында кинематографшыларға бірегей мүмкіндіктер беретін білім беру бағдарламаларының жаңа сериясының басталғаны туралы хабарлады.
Коммерциялық емес Alternativa Film жобасының негізгі бағыттарының бірі — өз елдерінің киноиндустриясын дамытуға және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылған, кәсіби даму жолының әртүрлі кезеңдеріндегі кинорежиссерлер үшін Alternativa Film Labs тегін білім беру бағдарламалары.
2024 жылы Alternativa Film Labs Орталық Азияда үш кинозертханадан тұратын болады. Атап айтқанда, Teen Lab, Impact Lab және Development Lab. Development Lab-қа қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 наурызда басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады.
Development Lab шығармашылық зертханасы сценарий мен продюсерлік дағдыларын дамытқысы келетін және жаңа кәсіби байланыстар орнатуды қалайтын Орталық Азия елдерінің кинематографшыларына арналған.
Зертхананың мақсаты — болашақта әлеуетті серіктестер мен халықаралық кино институттарына, сондай-ақ өңірдегі тапсырыс берушілер мен продюсерлерге ұсыну үшін киножоба әзірлеу.
Development Lab оқытушылары ретінде халықаралық фестивальдердің режиссерлерінен бастап табысты продюсерлер мен халықаралық сарапшыларға дейін осы салада мол тәжірибесі бар кино практиктері болады. Олардың ішінде, мысалы, Abbout Productions кинокомпаниясының продюсері, режиссер және Доха кино институтының оқытушысы Мириам Сассин (Ливан) бар.
Development Lab бағдарламасы продюсерлік және сценарий секциялары бойынша оқытуды қамтиды. Продюсерлік бөлім жобаны идеядан керекті қаржыландыруды іздеу үшін құжаттаманың толық пакетіне дейін жобаларды дамытуға көмектеседі. Сценарий бөлімі толық метражды көркем фильмдердің сценарийлерін әзірлейді. Секциялар бір мезгілде болып, үш модульді қамтиды. Біріншісі маусым айының басында Бұхарада (Өзбекстан) болады. Екіншісі онлайн негізде тамыз айының соңында, ал соңғысы қазан айының соңында Алматыда (Қазақстан) жоспарланып отыр.
Ұзақ оқу бағдарламалары — біздің білім беру бастамаларымыздың негізгі элементі. Біз Development Lab жобасында Орталық Азиядан келген кинорежиссерлердің дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби қоғамдастық құрамыз. Қатысушылар өз жобаларына қаржыландыруды, ал продюсерлер инвестиция үшін қызықты идеялар таба алады. Бағдарламаның маңызды кезеңі — жобалар питчингі. Оған біз киноиндустрия сарапшыларын шақырамыз. Олар мықты қауымдастық құруға және Орталық Азия киносының жаңа толқынын қалыптастыруға мұрындық болады, — деді Alternativa Film Labs басшысы Анна Гудкова.
Development Lab-қа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның бастапқы сатысында толық метражды көркем фильмдері бар кинематографшылары қатыса алады. Сонымен қатар әр бөлімде әлі кино жобасы жоқ, дегенмен киноиндустрияда бағын сынап көргісі келетін әдебиет, журналистика, драматургия, бейнелеу өнері немесе видеоблогинг саласындағы авторлар үшін орындар қарастырылған. Мұндай қатысушылар әріптестерінің жобаларында жұмыс істейді. Бағдарламаға барлығы 20 адам ғана қатыса алады (әәр бөлім бойынша 10 адамнан көп емес). Бағдарлама жол жүру және тұру шығындарын көтереді. Толық ақпаратты alternativa.film сайтынан алуға болады.
Іріктеу нәтижелері 16 мамырда жарияланады.
Alternativa Film Project — inDrive жаһандық технологиялық компаниясы Орталық Азияда 2023 жылы бастаған халықаралық коммерциялық емес жоба. Жоба дамып келе жатқан киноиндустрияның кинорежиссерлерін қолдау және ілгерілету үшін құрылған. Оның миссиясы — жұмыстары әлем туралы түсінігімізді кеңейтіп, жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін авторларды халықаралық аренада белгілі ету, оларды кәсіби өсуі үшін ресурстармен қамтамасыз ету және жергілікті киноиндустрия мен қауымдастықтың дамуына күшті серпін болу.
Alternativa Film Labs – авторларға жобаларын нығайтуға, аудиториясын кеңейтуге және білім немесе қаржы жеткіліксіздігінен экранда әлі көрсетілмеген маңызды оқиғаларды айтуға көмектесетін фильм түсіру және әлеуметтік бастамалар бойынша дағдылар мен құралдарды оқытуды қамтамасыз ететін киноматографшыларға арналған ақысыз білім беру бағдарламалары.
2023 жылы Alternativa Film Labs командасы Алматыда импакт-зертхана (Impact Lab) мен Орталық Азиядан келген продюсерлер мен режиссерлер үшін питчинг бойынша онлайн курс (Pitching Training), сондай-ақ Бішкекте жасөспірімдерге арналған кино шеберханасын (Teen Lab) өткізді.
Бағдарлама оқытушылары мен тәлімгерлерінің қатарында адам құқықтары мен әлеуметтік мәселелер туралы фильмдерге арналған Гаагадағы халықаралық кинофестивалінің Movies that Matter фильмінің көркемдік жетекшісі Маргье де Кениг, Think-Film Impact Production медиа-компаниясының негізін қалаушысы Даниэль Турков пен Канн кинофестиваліндегі қысқаметражды фильмдер байқауына іріктеу комиссиясының мүшесі, питчинг бойынша сарапшы Вим Ванакер Alternativa Film Labs 2023 жеңімпаздары Берлиндегі European Film Market аясында өз жобаларын ұсынуға және дамытуға барды.
Даниэль Бергер Fiction Toolbox бағдарламасының, ал Бану Рамазанова Doc ToolboxProgramme бағдарламасының қатысушысы болды. Диана Жилкенова мен Элиер Немат European Film Market-те аккредитация алса, Alternativa Impact Lab жеңімпазы Әсел Аушакимова Берлиналеде өткен Talent Project Market-те екінші орынды иеленді.
Alternativa Film Labs