• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    видеодан кадр

    Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

    Қазақстан жанкүйерлер Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіде жарияланып кетті.

    Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойынның кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.

    Трибунада отырған жанкүйерлердің елдің атына сөз келеді-ау деген сөзді ысырып қойып, командаларының жалған намысы үшін бір-біріне орындық лақтырып, бір-бірін балағаттаған.

    Ал матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл»  6:5 есебімен жеңіске жетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *