• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/olympickz

    Геннадий Головкин ҰОК президенті болып сайланды (ВИДЕО)

    Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды.

    Қоғамдық бірлестіктің басшысын сайлау жабық есік жағдайында болды. Оған БАҚ шақырылмады.

     

    Бүгін Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысында ұйымның президенті мен басқа да басқару органдарының сайлауы болды.

    Ұйымды 2015 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев өз өкілеттігін аяқтады.

    Қазақстан ҰОК жаңа басшысы болып Геннадий Головкин сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады, — делінген ҰОК хабарламасында.

    ҰОК жаңа президенті Бас Ассамблеяның кезектен тыс отырысында сөз сөйлеп, өз ойын айтты.

    Жаңа лауазымда елге қызмет ету — мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, Қазақстан спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым.

    Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз ісімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін.

    Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем мен командамның барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде іске асыру, — деді Головкин.

    Былтыр Геннадий Головкин ресми түрде IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл оның осы кезге дейін болған соңғы атағы еді.

    IBO президенті Эд Левин Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаннан кейін орта салмақтағы атақ үшін басқа боксшылардың жекпе-жегіне рұқсат берілетінін айтты.

    Бұған дейін Геннадий Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан болатын. Енді оның әлем чемпионы деген атағы қалмады.

    GGG соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың күзінде шыққан еді. Сол кезде ол Сауль «Канело» Альвареске (59-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер бірауыздан жеңісті мексикалық боксшының еншісіне жазды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *