Алматыда «СИЛЬВЕР» ресми автокөлік дилерлер тобының Mitsubishi Motors дилерлік орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Дилерлік орталықтың сыртқы келбеті мен ішкі көрінісі қызыл элементтері бар, қара және ақ түстер басым болатын Mitsubishi жаңартылған жаһандық дизайнына сәйкес жасалған. Жаңа автосалон шамамен 1700 шаршы метрді алып жатыр. Сондықтан салонда автокөліктерді көрсету үшін барлық қажетті қызметтер үшін де, мамандар барлық техникалық жұмыстарды орындайтын қызмет көрсету аймағы үшін де жеткілікті орны бар. Дилерлік орталықта автокөліктерді көрсетуге арналған шоу бар. Қажетті қаржылық және сақтандыру өнімдері, соның ішінде дилерлік орталық мамандарынан кәсіби кеңес алуға болатын trade-in қызметі қарастырылған. Сату бөлімінің жоғары білікті менеджерлері клиентке барлық модельдер қатарының тұсаукесерін өткізуге, сондай-ақ Mitsubishi маркалы автокөліктерде тест-драйв ұйымдастыруға дайын.
Салтанатты рәсімге орай өткен баспасөз мәслихатына «ММС Каз» ЖШҚ президенті, бас атқарушы директоры Осаму Иваба мен «СИЛЬВЕР» компаниясының бас директоры Николай Войтин қатысты.
«ММС Каз» президенті және бас атқарушы директоры Осаму Иваба: «СИЛЬВЕР» — Mitsubishi желісінің үздік дилерлерінің бірі! Біз ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз және әріптестеріміздің Алматыда алғашқы дилерлік орталығын ашып, халықаралық деңгейге шыққанына қуаныштымыз, — деді.
«ММС Каз» ЖШС бас директоры Осаму Иваба атап өткендей, жапондық өндіруші өз өнімдерінің Қазақстан халқы арасында танылуын және тамаша беделін жоғары бағалайды. Қазіргі уақытта Mitsubishi Motors концерні брендтің автокөліктері заманауи автокөлік жүргізушілерінің негізгі талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін, сонымен қатар сенімді, ыңғайлы, үнемді және жоғары технологиялық болуы үшін бар күшін салуда.
«СИЛЬВЕР» компаниясының бас директоры Николай Войтиннің айтуынша, жиырма жыл табысты жұмыс істеген бойы, «СИЛЬВЕР» ресми автокөлік дилерлерінің тобы ретінде жеке және кәсіби көзқараспен ерекшеленіп, жеке және корпоративтік клиенттер үшін сенімді серіктес екенін көрсетті. Компания барынша жайлы, ыңғайлы қызметті қамтамасыз етуге және клиенттеріміздің адалдығын арттыруға бар күшімізді салады. Жаңа дилерлік орталық компанияның өңірдегі брендтің жаңартылған имиджінің үлгісі болады.
Нұрлан ҚҰМАР,
АЛМАТЫ