• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Көркем гимнастшы Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды

    Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды.

    Сондай-ақ Айбота Ертайқызы ұршық және лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей, төртінші орынға ие болды.

    «Мисс Валентайн» турнирі 1995 жылдан бері тұрақты болып жатыр. 2020 жылдан бастап жарыс көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при сериясына қосылған.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *