• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ермұқан Нұрман

    Тіл – ең асыл құндылық

    «Тіл –ұлттың жаны, тіл идеяның,сезімнің ойдың жанды көрінісі», деген екен Л.Н.Толстой. Расыменде тілсіз жаратылыс не болмақ еді. Бір сәтке ойналсақ. Тілсіз өмір тұңғиық емес пе. «Тіл адамның байланыс құралы болса, сөз әдебиеттің құрылыс матриалы» деген К.А.Федин.

    Тіл арқылы өмір сүру адам үшін ең бірінші Алланың берген нығметі, зор байлығы деп білеміз. Сондықтан да тілдің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз. Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы болса, тілдің адамдар үшін атқарар ролі қаншалықты екенін айтпаса да түсінікті. Тіл ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал — деген екен Жүсіпбек Аймауытов.

    Ендеше, іштегі тұнып тұрған сырлар мен ойлардың дұрыс жеткізіліп айтылуына мән бергеніміз дұрыс. Осы тұрғыда қазақ тілінің бүгінгі қоғамда өрісі мен өрлеуі қалай өтіп жатыр деген сұраққа оралып, ана тіліміздің қолданыстағы деңгейі мен болашағы туралы сөз етсек.

    Жуырда Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Түрксіб ауданындағы №71 мектеп – лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Қазақ тілі – болашақтың тұғыры» атты онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Бұл онкүндіктің негізі ұстанымы қазақ тілінің тұғырлы болуына жол ашу. Ана тілімздің беделі мен бедірін қоғамда айшықтауда бұл онкүндіктің тамшыдай боласа да қосар үлесі зор деп білеміз.

    Сонымен іс-шараның ашылу салтанаты лицейдің директоры Алиям Аркенқызы Айтахунованың алғы сөзімен, жақсы тілегімен басталды. Мектеп директоры өз сөзінде: «Мемлекеттік тілді жандандырып, абыройын көтеруіміз керек, ол әрбір азаматтың міндеті. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» – деп әрқайсымыз мақтан тұтып, құрметтеуіміз керек, тілді сақтау — қазақ халқының өткені мен болашағын білу, сақтау. Біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізе білу, мемлекеттік тілімізді ардақтап құрметтеу. Өскелең ұрпақты «Тіл- мемлекетіміздің тұғырлы тірегі, халықымыздың  рухани байлығы» деп тәрбиелеуіміз керек», — деді.

    Сонымен қатар Алиям Арккенқызы өзі аса көңіл бөліп отырған, дәстүрге айналған іс – шараға қатысты «Жұмада мемлекеттік тілде сөйлейміз» атты дәстүріміз, осы күнге дейін жалғасын тауып отырғандығы көңіл қуантады», — деп атап өтті. Онкүндікті ашылу салтанаты лицей басшысы мен қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің мұғалімдерінің біркелкі қазақтың ұлттық киімін киіп салт – дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттаулырымен ерекшеленді.

    Дүйсенбі күні бұл іс – шара таңнан лицей қызметкерлері мен оқушыларды ән – күймен әсем әуенмен қарсы алумен басталды. Қазақ халқының әсем сазды күмбірлеген күйімен көпшіліктің көңіл күйін көтерді. Сонымен қатар, Қарлығаш Оразқанқызы Шалгинбаева мен Зульфира Абдрихитқызы Якупованың ұйымдастыруымен «Жылы лебіз», «Мақалдың жалғасын тап» атты айдарларымен өз жалғасын тапты. Осы онкүндіктің ашылу салтанатына мақалдың жалғасын тауып, жақсы тілектерін айтып атсалысып қатысқан оқушылар мен лицей қызметкерлеріне ұлттық дәміміз бауырсақ таратылды. Жақсылық пен молшылықтың нышаны шашу шашып мектеп қызметкерлері мен оқушыларының ыстық ықыласына бөленді.

    Қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің онкүндігі 11 наурыздан 18 наурызға дейін жалғасты. Осы аралықта жалғасын табатын іс – шараның  жүргізілуіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері бір кісідей ұйымшылдықпен атсалысты.

    Ұстаздар өздерінің заманауи тұрғыда ашық-тәрбие сабақтарымен, тәжірибе бөлісті.

    Қазақтың ұлттық киімін ұлықтап, салт-дәстүрін, мәдени құндылықтарын насихаттап, ұстаздар мен оқушылар қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп көпшіліктің көз қуанышына айналды.

    Оқушыларымызға, жастарымызға тәрбие бастауы – салт–дәстүріміз, ұлттық киімдеріміз, ұлттық құндылықтарымыз екендігін насихаттай жүріп жерін, елін сүйетін, Отанын сүйетін патриот болуға ынталандырып, рухын көтеретін әр ашық сабақ, оқудан тыс тәрбие сағатының әрқайсының «Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!», — деген мақтаныш сезімін оятары сөзсіз.

    Бұл күндері қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен лицей қызметкерлерін, оқушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталаландыратын іс шаралар өткізіліп отырады.

    Шәкірттерінің бойына мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілінде ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға, шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбегі елеулі. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу аясын кеңейтіп, Тіл туралы заңды басшылыққа алып, жүзеге асыруда әріптестерімізге, шәкірттерімізге көмек көрсету біздің басты міндетіміз — дейді 71 мектеп – лицей ұжымы.

    «Қазақ тілі — болашақтың тұғыры»атты қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығына арналған іс-шараның жабылуы салтанатты түрде  Қарлығаш Оразқанқызы Шалгинбаева мен Назгүл Ниязханқызы Жуаспаева ұйымдастырылуымен, 8-сынып оқушыларының жүргізуімен өтті.  Іс – шараға қатысқан барлық оқушылар мен ұстаздардың орындауында Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, әсем әнмен, күймен, бимен жалғасын тапты. 8 -сынып оқушысы Чжен Илья «Туған жер» әнін, 5 сынып оқушылары «Жаса қазағым!» әнін,  5-сынып оқушылары Охримчук П. пен Разива Ф. «Анамның тілі» әнін  нақышына келтіре өте жақсы орындады. 4 сынып оқушылары қазақтың ұлтық биі «Қамажай» мен «Торсық» биін биледі, 3 оқушысы Юсупов Тимур домбырамен күй шертіп жақсы өнер көрсетті.

    Әр түрлі тақырыпта астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында: «Тапқырлар», «Мақалды жалғастыр» атты викториналық сұрақтарға оқушылардың жауабы тыңдалып, жеңімпаздарға  сыйлықтар таратылды. Оқушының қазақ тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөйлем мағынасын түсініп, іс–әрекетімен  көрсетуін қадағалай отырып, 5 сынып оқушыларымен  «Өзіме, көршіме» атты ойын ойнатылды.

    Тіл — әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Ол- ең ұлы, тамаша тіл. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл

    Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші — бүгінгі ұрпақ. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу, тура жолды көрсету біздің мектебіміздің ұстаздарының алдында тұрған үлкен міндет деп есептейміз.

     

    Қарлығаш Оразқанқызы ШАЛГИНБАЕВА,

    Лаура Құрбанқызы МҰСАБЕКОВА,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *