• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еліміздің автонарығы қалай дамуда?

    Алматыда «Қазақстанның автонарығы: аналитика, технологиялар, болжамдар» атты кезекті конференция өтті.

    Іс-шарада еліміздің автомобиль нарығындағы, сондай-ақ кредиттеу, сақтандыру, автомобиль бөлшектерін сату сияқты ілеспе салалардағы негізгі трендтер қаралып, ахуал, цифрлық шешімдер мен сервистерге ерекше назар аударылды.

    Конференцияда Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Әбуев, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің директоры Ялкунчан Ганиев,  Freedom Drive ЖШС-нің және Freedom Mobile ЖШС-нің  директоры Виктория Новичкова, Freedom Finance Insurance қармасының төрағасы Азамат Керімбаев, СТОgram, Autobody мен ToiDrive негізін қалаушы Жандос Турсумбаев еліміздің автонарығы, сақтандыру, мәселері және тағы да басқа көптеген проблемалар туралы өз ойларын ортаға салды.

    Былтырғы жылы Freedom Finance Global компаниясы жүргізген салалық зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстанның автокөлік нарығының қазіргі тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі деп аталды. Бастапқы және қайталама автомобиль нарықтарын талдау кезінде ашық дереккөздерден алынған деректер, кәсіби қатысушылар мен сарапшылардың пікірлері, сондай-ақ автокөлік сатып алу туралы шешім қабылдайтын қазақстандық автокөлік иелері мен жүргізушілердің сауалнамасының нәтижелері ескерілді.

    Былтырғы жылы еліміздегі жеңіл автомобильдер санының өсуі 2013-2022 жылдардағы кезең – 10 жылдағы көрсеткіштерден асып түсті.

    Халықтың автомобильдермен қамтамасыз етілуі пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті. Елімізде бензинмен жүретін автокөліктер мен шағын литражды көліктердің үлесі өсуде. Электркарлардың өсу қарқыны үш таңбалы пайыздық көрсеткіштерге жетті. Қытайлық автоөнеркәсіптің үлесі елдегі жаңа автомобильдердің барлық сатылымының төрттен біріне жетті.

    Талдаушылардың болжауынша, Hyundai және Chevrolet жеке брендтер ретінде көшбасшылық позицияларын сақтап қалады. Бірақ қытайлық автомобильдердің жалпы сатылымы 2024 жылы нарықта басым болады. Екінші жағынан, қытайлық автомобильдердің қосалқы бөлшектерінің тапшылығы кем дегенде тағы бір жарым-екі жыл бойы сақталады деп болжануда. Болашақта елдегі электркарлардың өсу қарқыны қызмет көрсету желілерінің дамуына және осы автомобильдерді елге импорттау шығындарына байланысты болады. Сондай-ақ, жеке сатушыларда да, сондай-ақ дилерлерде де қытайлық электркарлардың модельдері кеңейеді деп жопарланып отыр.

    2023 жылды Қазақстанның автомобиль нарығының қазіргі тарихында бетбұрыс кезең деп атауға болады. Оның себебі, еліміздегі көлік санының күрт өсуінде ғана емес, сондай-ақ қазақстандықтардың жаңа өзгерістерге бұрынғыдан да ашық болуына байланысты болып отыр. Автокөлік нарығы бұл – тұрақты пікірлер, стереотиптер, консерватизм және прагматизм туралы жиі айтылатын орын. Алайда, Қазақстан үшін сұранысы төмен инженерлік шешімдермен жабдықталған қытайлық автомобильдердің белсенді түрде өсуі жергілікті сатып алушының парадигмасының өзгергенін көрсетті. Қазір біз ірі ойыншылардың жаңа үрдістерге бейімделіп, трендтен қалмай жатқанын көріп отырмыз. Былтырғы жыл өсудің жалғасуында айтарлықтай үлкен із қалдырды және 2024 жылы оның бізді қайда апаратынына куә боламыз, — деді Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев.

    Freedom Finance Global компаниясының талдаушылары автомобиль бағаларының серпіні 2024 жылы өседі деп болжайды. Бағалардың өсу шамасы инфляция көрсеткішіне байланысты болады. Автомобильдердің бағалары 2024 жылы 12-17%-ға өседі деп күтілуде. Сонымен бірге, талдаушылардың болжамы бойынша, биыл автокөлік нарығының өсу қарқыны инфляцияның төмендеу қарқынының бәсеңдеуімен бірге төмендейді, дегенмен олар жергілікті нарық үшін салыстырмалы түрде жоғары болып қала береді.

    Қазақстанның ескі автопаркі нарықтағы проблемалардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, орташа статистикалық тұтынушы үшін автомобильдердің қол жетімділігінің төмен болуы, автомобильдердің тарихы мен заң жүзінде тазалығының болмауы, салондарда жаңа автомобильдердің жетіспеушілігі, премиум сегментті автомобильдерді сатудағы тоқырау, айдалған автомобильдердің қосалқы бөлшектерінің қымбаттығы, автомобиль нарығында сұраныстың жоғары деңгейі және оған сәйкес келмейтін ұсыныс, сондай-ақ Trade-in бағдарламасына деген сұраныстың төмен болуы сияқты жағымсыз факторлар көзге түседі.

    Кешенді зерттеу барысында компания автомобильді жүргізуде тәжірибесі бар және оны сатып алу туралы шешім қабылдайтын 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының 1021 тұрғынына онлайн-сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігінде отбасының меншігінде бір (82,9%) немесе екі автомобиль (15,8%) бар. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1,4%-ның үш немесе одан да көп жеңіл көліктері бар. Көбіне Алматы қаласының тұрғындары бір автомобильдің иелері болып табылады (Шымкент қаласында 75%-ға және Астана қаласында 72,8%-ға қарағанда 86,5%-ды құрайды). Екі автомобиль көбінесе елорда мен Шымкент тұрғындарының меншігінде болып жатады (тиісінше 24,7% және 25%).

    Қазақстандықтар арасында сұранысы жоғары автомобильдердің үздік 5 маркасына Toyota (13,8%), ВАЗ ЛАДА (11,4%), Volkswagen (8,8%) және кореялық KIA (7,8%) және Hyundai (7,1%) автобрендтері кіреді. Қазақстандағы жеңіл автомобильдер паркінің жылы ескірген көліктің басым екендігін білдіреді. Респонденттердің автомобильдерінің жартысынан көбі 2016-2022 жылдар аралығында сатып алынды (58,9%), бұл ретте олар көбінесе айдалған автокөліктерді сатып алды (жаңа автокөліктердің 26,4%-на қарағанда 73,6%-ды құрайды). Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам автомобильді мамандандырылған ресми дилерлерден (24,8%) немесе өзінің тұрғылықты жері бойынша қайталама автомобильдер нарығынан (23%) сатып алды. Автокөлік иелерінің көпшілігі — 67,8% көлік бағасының толық құнын бірден төлеп, көлікті сатып алды. Сауалнамаға қатысқандардың 29,7%-ы кредиттеу қызметтерін пайдаланды.

    Сондай-ақ, зерттеу шеңберінде саланың жоғары білікті өкілдерімен сараптамалық сұхбат жүргізілді. Кәсіби мамандардың пікірінше, Қазақстанның автомобиль нарығы бүгінгі таңда даму сатысында жүріп жатыр. Алайда, олардың пікірінше, сату мен тұтынудың белсенді өсу кезеңі өтіп кетті және алдағы бір-екі жылда нарықта (қайталама нарықта да, сондай-ақ бастапқы нарықта да) тоқырау болады деп күтілуде. Қазақстанның автомобиль нарығы, сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, «қызыл мұхит» идеясын көрсетеді: бәсекелестігі жоғары және бизнесті жүргізу үшін түсінікті қағидалары бар қалыптасқан нарық, мұнда сұраныс жасаудың және сатудың қандай да бір тәсілдерін ойлап табудың қажеті жоқ.

    Сарапшылардың 2024 жылға арналған болжамдары бойынша, Қазақстанның автомобиль нарығында сатылымның өсуі бәсеңдейді деп күтуде. Алайда, олардың көбі алдағы уақытта базалық мөлшерлеме төмендеуі, соның салдарынан халық үшін кредиттердің қолжетімділігі артуы мүмкін екенін атап өтті. Қытайлық автоөнеркәсіптің кеңеюі басқа өндіруші елдердің автомобильдеріне деген сұраныстың төмендеуіне тікелей әсер етеді, деп санайды сұхбатқа қатысушылар. Сондай-ақ, жаңа автомобильдерге деген тұтынушылық сұраныс өседі, автомобильдердің құны 10-20%-ға өседі, айдалған автомобильдерге деген тұтынушылық сұраныс төмендейді деп болжануда.

     

    Нұрлан ҚҰМАР,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *