• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    shaiba.kz

    Канвон-2024: Олимпиадаға қатысатын Қазақстан хоккейшілері анықталды

    Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында жалауы желбірейтін қысқы Олимпиялық ойындарға қатысатын хоккейшілердің тізімін жариялады.

    Хоккейшілер 15 қаңтарда спорттың басқа да түрлерінен жарысқа қатысатын отандастарымызбен бірге Астанада Оңтүстік Кореяға аттанып, Каннын қаласына жетті. Осы жерде құрама команда 20 қаңтарда Польшаға қарсы алғашқы ойынын өткізеді. Бұл ойынға команда 16 жасқа дейінгі хоккейшілерден жасақталған мына құраммен қатысады.

    Қақпашылар: Никита Кулаков, Арсений Кучковский (екеуі де  – «Барыс-2008»);
    Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Матвей Решетько, Әділхан Саттар, Расул Тұрсынов, Арман Төлен (Кливленд Баронс, U15 AAA, АҚШ);

    Шабуылшылар: Әнуар Ахметжанов, Таир Биғаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Жиһангер Тілеухан (барлығы – «Барыс-2008»), Бексұлтан Мақыш (Бостон хоккей академиясы, U15 AAA, АҚШ)

    Команданың бас жаттықтырушысы – Рамазан Кайдаров, жаттықтырушы– Дмитрий Колодюк;
    Сервисмен– Абылай Жалмышев.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *