• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қоғам

    Туберкулезге қарсы күрес – басты назарда

    АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігі (USAID) Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығымен, медицина қызметкерлерімен, халықаралық донорлармен, қоғамдық көшбасшылармен және медицина өкілдерімен бірлесіп, «Орталық Азияда туберкулезді жою» (ETICA) Жобасының Қазақстандағы айтарлықтай жетістіктерін атап өту мақсатында маңызды іс-шара өткізді. Іс-шарада Қазақстанды және Орталық Азияның өңірлерін кең қамтыған туберкулезбен ауыру жағдайларын азайтуға ықпал еткен инновациялық тәсілдер, шұғыл емшаралар және инновациялық зерттеулер ...

    Read More »

    Алматыда БАҚ өкілдеріне экологиялық журналистика бойынша курс өтті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру: масс-медиа мен әлеуметтік желілердің ықпалы» атты ІІІ журналистерге арналған экологиялық журналистикаға арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.  Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.  Биыл үшінші рет өтіп отырған іс-шараға БАҚ өкілдері, журналистер, медиа мамандары, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистика факультетінің студенттері, магистрантаттары мен ...

    Read More »

    Қазақстандық үш кәсіпкер халықаралық Aurora Tech Award 2024 байқауының шорт-листінe енді  

    InDrive компаниясы құрған Aurora Tech Award 2024 сыйлығы байқаудың шорт-листін жариялады. Оған 20 стартаптың негізін қалаған әйелдер кірді. Оның үшеуі Қазақстанның өкілдері. Байқауға 102 елден барлығы 649 өтінім келіп түсті. Шорт-листке Your Accessible Guide-нің негізін қалаған Надежда Анпилогова, Porte Tech-ді құрған Айдана Айтуарова мен Ozim платформасын жасаған Әсем Тажиева кірді. Өткен жылғы Aurora Tech сыйлығының жеңімпаздары мен әлемнің әйгілі салалық ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағандыдағы колонияға барды

    Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды колониясына барып, сотталғандармен кездесті. Polisia.kz-тің хабаралуынша, атақты спортшы ІІМ ҚАЖК «№ 29 мекеме» РММ-де  қатаң режимде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.  Одан кейін боксшы «Еңбек – Қарағанды» РМК өнеркәсіптік аймағына, тамақтанатын орынға және жатақхана жасақтарының бірінде болып, сотталғандардың тұрмыс жағдайымен танысты. Мен мұндай шалғай жерге бірінші рет келіп тұрмын. Бүгінгі ...

    Read More »

    «Крещение» кезіндегі шомылу: Астананың құтқарушылары сақтық шараны ескертті

    18-19 қаңтарда «Крещение» православие мерекесі  шіркеулерде аталып өтеді. Биылғы жаппай шомылу кезінде Астана қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Жұмекешов айтты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты. Биылғы «Крещениеге» орай елордада Есіл өзенінің сол жағалауында, «Астаналық» саябағының жағалауында (Орталық жағажайдың жанында) жаппай шомылуға арналған ойықтар орнатылды. Суға шомылатын орындар 18 ...

    Read More »

    Еліміздің автонарығы қалай дамуда?

    Алматыда «Қазақстанның автонарығы: аналитика, технологиялар, болжамдар» атты кезекті конференция өтті. Іс-шарада еліміздің автомобиль нарығындағы, сондай-ақ кредиттеу, сақтандыру, автомобиль бөлшектерін сату сияқты ілеспе салалардағы негізгі трендтер қаралып, ахуал, цифрлық шешімдер мен сервистерге ерекше назар аударылды. Конференцияда Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Әбуев, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің директоры Ялкунчан Ганиев,  Freedom Drive ЖШС-нің және Freedom Mobile ЖШС-нің  директоры ...

    Read More »

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа АШЫҚ ХАТ

    Бір топ спорт жанашырының Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа ашық хаты жарияланды. Хатта спорт ардагерлері мен қайраткерлері, журналистері облыс басшысынан спорттың барлық түрінің тиісті деңгейде дамымай жатқанын, соңғы он бес жыл бедерінде Ақмола өңірінен бір ғана әлем чемпионынын шыққанын айта келіп,  аймақтағы спортты дамытуды қолға алуды сұрайды. Төменде оқырман назарына ашық хат толығымен ұсынылып отыр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа ...

    Read More »

    Астанадан Бурабайға қарай жаңа жылдық пойыз шықты (ВИДЕО)

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астанадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы жолға шықты. Бұл –Туризм және спорт министрлігі Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы, деп хабарлады ведомство. Арнайы пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін іші де, сырты да жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды ...

    Read More »

    «Медеу» спорт кешені жаңғыртылады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қала тұрғындары, қоғам белсенділері, БАҚ, жергілікті спорт федерациялары мен турбизнес өкілдері, қалада тұратын атақты спортшылар мен басқа да сала мамандары қатысты, деп хабарлады ведомство. Кездесуді Ермек Маржықпаев министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар, лудоманияға қарсы күрес шаралары мен ведомствоның алдағы жоспарлары туралы баяндамадан бастады. ...

    Read More »

    Маңғыстаулық спортшылар жылды қалай қорытындылады?

    Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен жақында ғана дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Мақсат Асқарұлы Мұқаш тағайындалды. Бір жылда үшінші басшысы мекеменің тізгінін қолына алды. Біз бұл басшыдан 2023 жылдың қорытындысы бойынша ақпаратын сұрадық. Мақсат Мұқаштың айтуынша, қазіргі таңда басқармаға бағынысты 33 мекеме бар. Олар — облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығы, ұлттық спорт түрлерінің орталығы, Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық ...

    Read More »