• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Биылғы жылдың үйлену тойының трендтері: шағын орта, ашық аспан астындағы салтанат және дәстүрге құрмет

    Қазіргі жас жұбайлар сән-салтанаты асып-тасқан үлкен тойлардан гөрі, жанға жайлы, шынайы сезімге толы, әр сәті мұқият ойластырылған шағын тойларды жиі таңдайды.

    Биылғы жылы үйлену тойларын табиғат аясында өткізу, жасыл желектің ортасында  мерекелік дастархан жаю сәнге айналуда. Әрі, отбасын құруға саналы әрі жауапты көзқарас та байқалады.

    Ғашықтар «Almaty Resort» шипажайын тек демалыс орны ретінде емес, ерекше күнге арналған ғажайып алаң ретінде де жиі таңдайды. Шипажай аумағында 21 гектарлық саябақ орналасқан: биік ағаштар, көгалды алаңдар мен таудың саф ауасы табиғи үндестік пен оңашалық сезімін сыйлайды.

    Ең танымал салтанаттар бізде дәл осы саябақта — гүлмен безендірілген арка астында, ағаштардың арасында өтеді. Мейрамхана қабырғасының орнына табиғат пен құстардың сайрағаны — мүлде басқа сезім сыйлайды. Кешкі ас та осында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Бұл өте сәнді әрі шынайы көрінеді. Өзіңді нағыз кино кейіпкеріндей сезінесің, — дейді «Almaty Resort» шипажайының маркетологы Валерия Дигай.

    Оның айтуынша, жас жұбайлар тойға ең жақын жандарын ғана шақырып, қалған туыстары мен достары үшін рәсімді онлайн тікелей эфирде тамашалау мүмкіндігін ұсынады.

    Бізде бұл үшін барлық жағдай жасалған: сапалы дыбыс, тұрақты интернет қолжетімді. Қонақтар алыста болса да, маңызды сәтке куә бола алады, — деп толықтырды ол.

    Мұндай формат сән-салтанатты, шынайылықты және қалыптасқан қағидалардан тыс еркіндікті бағалайтын жұптарға ерекше ұнайды. Қонақтардың саны әдетте 20-дан 80 адамға дейін болады — бұл әрбір қонаққа жеке көңіл бөлуге әрі кешті жылы, отбасылық атмосферада өткізуге мүмкіндік береді.

    Беташар, шашу сынды қазақтың дәстүрлері жанды музыка, табиғат аясындағы неке қию рәсімі, қонақтардың жүрекжарды тілектері сияқты еуропалық элементтермен үйлесімді ұштасады. Мәзірде де талғам үйлесімі сақталған: бауырсақтан бастап авторлық тіскебасарларға дейін әртүрлі тағам ұсынылады.

    Біз ас мәзірін кештің форматына қарай үйлестіріп береміз. Біреулер дәстүрлі ыстық тағамды қаласа, енді бірі — жеңіл канапе мен трюфель майымен дайындалған пастаны таңдайды. Ал кесілген ет, қазы-қартасыз бірде-бір той өтпейтін шығар – бұл біздің ұлттық кодымыз. Біз үшін ас мәзірі де тойдың жалғасы іспеттес: жеңіл, мерекелік әрі эстетикалық болуы тиіс, – дейді тамақтандыру бөлімінің жетекшісі Олжас Бекенов.

    Соңғы уақытта адам өміріндегі маңызды кезеңге саналы түрде қадам басу байқалады. Статистика бойынша, 2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда шамамен 22,5 мың неке тіркелген — бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға аз. Бүгінде көптеген жұптар отбасын құруды кездейсоқ емес, саналы түрде, шынымен дайын болған кезде ғана жоспарлайды.

    Үйлену тойы — ауқым үшін жарыс емес, мән-мағына үшін жасалатын ерекше сәт. Биылғы тойлардың келбеті осындай. Бұл күні бәрі маңызды: өтетін орын, атмосфера, жаныңдағы ең жақын адамдар және ең бастысы — жаңа отбасының құрылу сәтіндегі жүректі тербейтін сәт.

     

    Нұрлан ҚҰМАР,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *