• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігі

    ФИФА елімізге 100 жаңа шағын футбол алаңын салып береді

    Қазақстан Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) бастамасымен FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды.

    Жоба аясында еліміздің мектептерінде қазіргі заман талаптарға сай 100 шағын футбол алаңы салынады.

    Қолда бар дерекке қарағанда, FIFA Arena бағдарламасында әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салынады деп жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі – 20 х 40 метр. Ол ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға сай болады. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді. Қауіпсіз әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.

    FIFA Arena жобасы бойынша жасанды жамылғының жаңа түрі қолданылады. Бұл алаңда резеңке ұнтағы қолданылмайды. Сондықтан экологиялық жағынан тиімді, күтіп-баптау жеңіл және балалар үшін қауіпсіз болады, — деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Мектептер тізімі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бекітіледі. Жасыл алаңдардың құрылысы екі жылда бітеді. Алғашқы стадиондар Хромтау мен Көкшетау қалаларында бой көтереді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *