• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Іnstagram.com/fcdynamo

    Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына ауысты

    Жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысты. 

    Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылы 2 сәуірде туған. Бұған дейін ол «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» пен Мәскеудің ЦСКА командаларында ойнады.

    Содан кейін ол Түркияның Ыстамбұл қаласының «Бешикташ» клубында өнер көрсетті. Ол «Бешикташпен» 2023 жылы 18 тамызда келісімшартқа қол қойған еді. Құжатқа бойынша футболшы Түркияның жасағында 2027 жылдың 30 маусымына дейін ойнайтын еді. Бұл жерде ол 2023 жылдан бері 49 матчта бір рет қана қақпаға гол салды.

    Бахтиер Зайнутдинов жаңа клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Ресейлік команда Бахтиер Зайнутдинов үшін «Бешикташқа» 2,5 млн еуро төледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от ФК Динамо Москва | FC Dynamo (@fcdynamo)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *