• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Рыбакина 5090 ұпай жинап, төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) басып озды. Қазір ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі  115 балл ғана қалып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның басқа да теннисшілері ...

    Read More »

    Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. ...

    Read More »

    Ролан Гаррос турнирі: Қазақстан құрамасы анықталды

    Франция ашық біріншілігінің (Ролан Гаррос) басталуына санаулы күндер қалды. Іріктеу ойындар 21-27 мамыр аралығында өтсе, теннис додасының негізгі кезеңі 28 мамыр-11 маусым аралығында боалды. Іріктеу кезеңіне Қазақстан құрамасынан Тимофей Скатов қатысады. Негізгі турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды. Әлемнің 5-ракеткасы Рыбакинаның рейтингісі жоғары. Сондықтан оған жеребе жолдас болуы тиіс. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Кездесуде бірінші партияда Ига Швентек 6:2 есебімен ұтты. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда келе жатты. Бірақ Елена қайыра брейк жасап, таразы ...

    Read More »

    Бүгін Рыбакина әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойнайтын болды. Польша өкілі Ига Швентек Римдегі турнирдің 1/8 финалында хорватиялық теннисші Донна Векичпен кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңді. Енді ол бүгін турнирдің ширек финалына шығу үшін Елена Рыбакинамен ойнайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Рыбакина бастаған теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады

    22 мамырда Парижде биылғы екінші «Үлкен дулыға» жарысы – Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Іріктеу кезеңінде Қазақстаннан Тимофей Скатов бақ сынайды. Негізгі турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды. Әлемнің 6-ракеткасы Еленаның рейтингісі жоғары, сондықтан жеребе қолайлы болмақ. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов, сондай-ақ Бублик, Путинцева және Рыбакина өнер көрсетуі тиіс. ...

    Read More »

    Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі орны шарықтап кетті

    Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде Е.Рыбакина алтыншы орыннан бесінші орынға көтеріледі. Бұл — Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде Рыбакина америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы ...

    Read More »

    Рыбакина алғаш рет Рим мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Қазақстан теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен кездесіп, оны уақытынан бұрын жеңген еді. Олай дейтініміз, Калинская жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. Осы матчта Рыбакина 3 эйс,1 брейк жасап үлгерді. Ал матчтың өзі 35 минут қана болды. Енді Рыбакина ширек ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты

    Осы күндері Қазақстан құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Juniors Davis Cup әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалында Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Австралия – 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатын 6 рет жеңген команда. Осы матчтың есебінен кейін 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты. Бір апта ...

    Read More »

    Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды (ВИДЕО)

    Теннистен Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия — Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің финалына шығып, алғаш рет әлемдік додаға жолдама алды. Қазақстан теннисшілері әлемнің үздік командаларының бірі, «Билли Джин Кинг» кубогын бес рет жеңіп алған Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Командалардың бірінші кездесуінде Аринаоа Гогулина жасыл құрлықтың өкілі Анна Субасичті 7:5, 3:6, ...

    Read More »