• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/sportqazaq

    Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды

    Германияның бұрынғы теннисшісі Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтағын алды деген дерек шықты. Бұл туралы Telegram-дағы Рыбакинаның ракеткасы арнасы хабарлады.

    Соня Жиенбаеваның жасы 17-де. Ол 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында туған.

    Оның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан. Бала кезінде Соня Жиенбаева отбасымен Германияға көшкен.

    2022 жылы ол жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде үздік 30 теннисшінің қатарына кірді.  Алты рет ITF Juniors жарысының жеңімпазы атанды.

    Теннисші Қазақстанды ешқашан ұмытқан емес. Өйткені, оның Алматыда туыстары көп. Ол әрқашан Қазақстан азаматы атанып, тарихи Отанының намысын қорғауды армандап келді, — делінген Рыбакинаның ракеткасы арнасында.

    Жиенбаева Германия жасөспірімдер құрамасының сапында Билли Джин Кинг кубогының ширек финалына шыққан.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *