Теннистен Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен кездесіп, бірінші партияның ойыны болып жатқанда қарсыласының жарақат алуына байланысты ½ финалға жолдама алды.
Осыған дейін теннисшілер бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген екен.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасап, содан кейін есеп 4:1 болғанда, Потапова медициналық көмекке жүгінді. Бұдан кейін Қазақстан теннисшісі тағы бір брейк жасап, таблодағы есеп 6:1-ді көрсеткенде ресейлік спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.
Матч жарты сағат қана болды. Осы уақытта Рыбакина 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.
Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен немесе рейтингте 58-сатыда тұрған 16 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.
Тағы бір рет еске салсақ, турнирдің жалпы жүлде қоры — 1 736 763 доллар. Бұл ақшаны әрине, жеңімпаз бен жүлдегерлер өзара бөліп алады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА