Теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы бірінші ойынын жеңіп, екінші айналымына шықты. Ол кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған теннисші 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишковамен ойнап, оны 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңді.
Мачта чех теннисшісі бірінші партияда брейк жасап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды.
Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты тиімді пайдаланып, 7:6 (8:6) есебімен басым түсті.
Екінші сетте есеп 1:1 болған кезде Рыбакина брейкпен алға шықты. Одан кейін Қазақстан теннисшісі еш мүмкіндікті жіберген жоқ. Қорытынды есеп 6:4 болды.
Енді Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.
Рыбакина алғашқы айналымда-ақ өте мықты қарсыласын жеңді. Бүгінгі жеңіс жанкүйерлерге үлкен сенім сыйлады.
Халықаралық теннис сарапшылары Рыбакинаны биылғы Australian Open жарысының фавориттерінің бірі санайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА