Шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты бағдарламасының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы топтық жарыста Глеб Брусенский жеңіске жетіп, алтын медаль алды. Одан кейін мәреге Евгений Гидич келді. Үздік үштікті Юкия Араширо (Жапония) түйіндеді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: Азия чемпионаты
Алматыда шахматтан Азия чемпиондары анықталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты аяқталды. Оның жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Қазақстан шахмат федерациясы хабарлауынша, жарыста өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов «Азияның шахмат королі» атанды. Ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар күміс медальді иеленді. Ал Қазақстан құрамасынан ала тақта додасына қатысқан Әлішер Сүлейменов қола жүлдеге ие болды. Төртінші орынды Үндістаннан келген гроссмейстер Абхиманью Пураник алды. Әйелдер арасында «Азияның шахмат тәжін» ...
Read More »Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды
Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Андрей Ремхе мәреге бірінші болып келді. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта жүріп өтті. Одан кейін мәреге қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан жетті. Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған болатын. Ол кезде Қазақстан құрамасы ...
Read More »Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды
Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге секірді. Бұған дейін Рыпакова Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткіш тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. ...
Read More »Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...
Read More »Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...
Read More »Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Нұрғиса Әділетұлы серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс медаль алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді басынан асырды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте ол 400 келімен топ жарды. ...
Read More »Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды
3 мамырда Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады. Ол 13 мамырға дейін жалғасадыү Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Азия чемпионаты 2024 жылы өтетін Олимпиада қарсаңындағы іріктеу турнирі болады. Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан мына спортшылар қатысады. Ерлер: Арли Чонтей ( 55 кг), Өтепберген (Әлиев 61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), ...
Read More »Қайрат Сағадиев: «Азия чемпионатында медаль бойынша жоспарды орындадық»
Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сағадиев жақында аяқталған Азия чемпионатын қорытындылап, бізге сұхбат берді. Ол алдағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарына дайындығы және жарысқа кімдер баратынын да айтты. – Астанада өткен Азия чемпионаты да аяқталды. Шәкірттеріңіз екі алтын мен үш қола медаль алды. Басқа да салмақтағы қыздардан жүлде күттіңіз бе? – Әйелдер ұлттық құрамасының Астана қаласында өткен Азия чемпионатында ...
Read More »Азия чемпионаты: Қазақстанның қос балуаны күміс медаль алды
Астанада күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың балуандары- Жүсіп Батырмырзаев пен Ризабек Айтмұхан финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Әуелі Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен күресіп, одан айласын асыра алмады. Содан кейін кезекті белдесу ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмырзаевқа (125 келі) келіп ол да өкінішке қарай, Моңғолияның өкілі Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды. Бұған дейін ...
Read More »