• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Иран жеңіл атлетика федерациясы

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан 12 медаль жеңіп алды (ФОТО)

    Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Биылғы чемпионатта Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдені жеңіп алды.

    Соңғы жарыс күні эстафетада (4х400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, Анна Шумило, Мария Шувалова, Кристина Кондрашова) топ жарды. Оның алдында Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) мен Давид Ефремов (60 м кедергілер арқылы жүгіру) чемпион атанды.

    Иван Иванов (ядро лақтыру) пен Ольга Сафронова (60 м жүгіру) күміс жүлдеге ие болды.

    Қола жүлдені Аяна Болатбекқызы (1500 м жүгіру), Мария Ефремова (3 қарғып секіру), Ақбаян Мұрмәмет (800 м жүгіру), Алина Чистякова (көпсайыс) Эфим Тарасов (400 метр жүгіру) пен Максим Фроловский (3000 метрге жүгіру) иеленді.

    Максим Фроловский 3 мың метрге жүгіруде мәреге бесінші болып келді. Алайда алдыңғы екі адам ереже бұзғандықтан қола медаль отандасымызға берілді. Сондай-ақ Максим Фроловский 23 жасқа дейінгі санатта Қазақстан рекордын жасады (8:17.17).

    Тегеранда елімізден барлығы 29 атлет ел намысын қорғады.

    Былтыр жабық кешендегі Азия чемпионаты Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде болған еді. Ол кезде ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орын алған.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *