• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Олимпиада киімінің дизайны бекітіледі – жедел штаб

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Олимпиялық ойындарға дайындық штабы өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Бүгін жедел штабта Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдерімен кездесті.

    Жиында бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар (садақ ату — 4, тас жолдағы велоспорт — 3, нысана көздеу — 5, қазіргі бессайыс — 2, бокс – 2, грек-рим күресі — 1, еркін күрес — 1, спорттық гимнастика — 1). Жоспар бойынша 25 спорт түрі бойынша лицензиялардың санын 90-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Сондай-ақ, жүлдеге үміткер 54 спортшыдан тұратын тізім жасақталды.

    Құрама көшбасшылары әр спорт түрінің ерекшелігін ескере отырып, жеке жоспар бойынша дайындалады. Бір сөзбен айтқанда олар ештеңеге мұқтаж болмайды. Олимпиада алдындағы тестілік жарыстарға қатысу да маңызды екені тілге тиек етілді. Әр спорт түрінің жарыс кестесіне сәйкес, командалардың Парижге ұшып бару уақыты бекітілетін болды.

    Сонымен қатар, ұлттық құрама спорт киімі үлгісінің дизайнын бекітіп, оны дайындау ерекше назарда болатыны ескерілді.

    2024 жылғы 17 сәуірде бүкіл ел бойынша «Олимпиадаға 100 күн» іс-шарасы өтеді. Айтулы күнге орай флеш-мобтар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

    Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *