• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Келесі қысқы Азия ойындары Харбинде болады

    Азия Олимпиада кеңесі  IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады.

    Сары құрлықтың келесі Ақ Олимпиялық ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітті.

    IX ойындардың ұраны -«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia) деп жарияланды.

    Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары болды. Сол кездегі Мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылады. Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте Қытайдан кейін екінші орынды алған болатын.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *