• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қытай

    Келесі қысқы Азия ойындары Харбинде болады

    Азия Олимпиада кеңесі  IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады. Сары құрлықтың келесі Ақ Олимпиялық ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітті. IX ойындардың ұраны -«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams ...

    Read More »

    Елімізге Ресей мен Қытайдан келетін туристер көбейді

    Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген. Статистикаға қарағанда, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристер жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы ...

    Read More »

    Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

    Әйгілі актер Джеки Чан шұғыл түрде Шанхайдың Лин Шан ауруханасына жеткізілді. Metaratings.ru порталының хабарлауынша, 69 жастағы актердің жағдайы өте қиын. Оған дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Бұл ақпарат әзірше расталмаған. Дегенмен Қытайдың әлеуметтік желісінде актердің денсаулығы туралы барлық мәлімет тез арада өшіріліп жатыр деген дерек бар. Джеки Чанның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет жариялаған адамдардың аккаунттары бұғатталып жатыр, – деп ...

    Read More »

    «Қасқырлар патшайымы» кітабының тұсаукесері таныстырылды

    Алматыдағы «ШАНС» кітап дүкенінде Қытай әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекеттік қытай әдебиеті сыйлығының иегері Шэнь Шисидің «Қасқырлар патшайымы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шарада Журналистер одағының мүшесі, «Мазмұндама» баспасының редакторы, Ханшайым Тәуірбаева әдеби көркем шығарманың ерекшелігіне, қасқырдың ақылдылығына, өмір сүру салтына ерекше тоқталды. Филология ғылымдарының PhD докторы, жазушы, аудармашы Нұрхалық Абдырақын көркем шығармада қытай түпнұсқада жазылған сөйлемдерге, кейбір қытайға сіңімді болып кеткен ...

    Read More »

    ІV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары 14 жарысқа қатысады (ВИДЕО)

    22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV Азия Пара ойындары болады. Осы жарысқа елімізден 131 спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен күш сынасады. Олар 485 медаль үшін жарысады. Қазақстан спортшылары жарыстың пара таеквондо, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді. Ойындардың ашылуы мен жабылуы салтанатында еліміздің туын ұстаушылар волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері ...

    Read More »

    Путинцева Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева теннистен Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Путинцева ширек финалда әлемнің 48-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен кездесіп, оны 6:4, 7:6 (8:6) және 6:0 есебімен жеңді. Енді Юлия Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 27-інші, турнирдің 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линеттпен кездеседі. Осы турнирден кейін Путинцева Азия ойындарына қатыспайды. ...

    Read More »

    Қазақстан Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады

    Қазақстан құрамасының сапында 90 студент Қытайда өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 27 шілде — 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындары өтеді. Халықаралық спорттық іс-шара — Қытайда өтетін үшінші студенттік ойындар, Азияда өтетін он бесінші Дүниежүзілік студенттік ойындар. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, студенттеріміз ...

    Read More »

    Қытайда 2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өтеді

    Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында құрлықта өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, биылғы жылдың қарашасында Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді. Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін болып шешілді. 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын ...

    Read More »

    Қытайдан жаяу шыққан қандас Астанаға жетті (ВИДЕО)

    Бүгін 1 мамырда Қытай Халық Республикасынан жаяу шыққан 26 жастағы қандасымыз Есбол Асқарұлы Астанаға жетті. Ол өзінің туған жері Шыңжаңның Манас ауданынан елордаға 60 күнде 3 мың шақырымды жаяу жүріп келді. Марафоншыны Бауыржан Момышұлы мен Қордай көшелерінің қиылысында орналасқан Достық үйінде қала тұрындары мен қонақтары қарсы алды. Кездесуде Алматы ауданы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің Есбол Асқарұлына алғыс хат табыс етілді. ...

    Read More »

    Қытайда XIX Азия ойындарының алауы тұтанды

    Бүгін Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды. ҚазАқпараттың ҚХР-дағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, алау ресми түрде 2022 жылғы XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанында тұтанды. Биылғы Ойындар Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында болады. Бұл жарыс былтыр 10-25 қыркүйегі аралығында болуы керек еді. Алайда ол коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге шегерілді. Қытайда Азия ойындары осымен үшінші ...

    Read More »