• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы

    «Almaty Resort» ұжымы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

    Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Істері Басқармасы Медициналық орталығының «Almaty Resort» шипажайының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Сұрапыл соғысты көрген Василий Зинченко, Николай Таратунин мен Иван Бегунов  естелік айтты. Мемлекеттік бағдарлама бойынша ардагерлер шипажайда тегін емделуге мүмкіндігі бар. «Almaty Resort» медициналық қызметкерлері оларға үнемі келіп жағдайын сұрап, денсаулығын бақылайды, қолдау мен қамқорлық көрсетеді. 102 жастағы отставкадағы полковник Николай ...

    Read More »

    Желтоқсан батырлары жасыл алаңда доп тепті

    Бүгін Алматы облысы Боралдай елді мекеніндегі «Дәулет» спорт кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс-мәңгілік тағзым» атты шағын футболдан ардагерлер арасында Іле ауданының доп додасы өтті. Бұл турнирге «Желтоқсан ақиқаты» респубоикалық қоғамдық бірлестігінің батырларын арнайы құрметпен шақырған болатын. Турнирге қатысқан 10 команданың ішінен жастары алпыстан асқан Желтоқсан ардагерлері де тартысты ойын көрсетіп, балаларымен жасты жастарға қарсы әжептеуір ...

    Read More »

    Тауға қалай қауіпсіз шығуға болады?

    «Шымбұлақ» тау курортының Shymbulak Outdoor бөлімі журналистерге, туристерге, таулы гидтерге және белсенді демалысты ұнататын жандарға арналған «Тау қауіпсіздігі: ЖАЗ» атты әлеуметтік-ағартушылық іс-шара өткізді. Жазғы маусым басталар алдында құтқарушылар, таулы гидтер мен инструкторлар туристерді тауда қандай қауіптер күтіп тұрғанын және олардан қалай сақтануға болатынын айтып берді. Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ (РОСО) Алматы қаласы бойынша құтқару бөлімшесінің басшысы Вадим Пак ашты. ...

    Read More »

    «Almaty Resort» премиум-санаттағы құрылғы арқылы жаңа реабилитациялық емді ұсынады

    «Almaty Resort» шипажайында жаңа, бірегей емдеу әдісі енгізілді. Бұл процедура адамды жарақаттан, операциядан, инсульттан кейін қалпына келтіруге, сондай-ақ науқастың екінші типті қант диабеті мен тірек-қимыл жүйесі ауруларымен күресуіне көмектеседі. VIP HI-LINE заманауи құрылғысы сондай-ақ, физикалық жүктемесіз кардио және күштік жаттығулардың нәтижесін бере алады. Терапевт-дерматокосметолог Сандуғаш Шахбатырованың айтуынша, бұл аппараттың басты ерекшелігі — дене мен беттегі терең бұлшықеттермен жұмыс істейді. Басқа ...

    Read More »

    Көктемгі студенттік лига: үш спорт – рухы бір команда

    Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен көктемгі студенттік іріктеу лигасы басталды. Бұл лига студенттік спортты дамыту мен жастардың салауатты өмір салтын арттыруға бағытталған. Жарысқа 35 жоғары оқу орны қатысады. Биыл алғаш рет жарыс үш спорт түрінен – футбол, волейбол және баскетболдан өткізіледі. Турнирдің басты ерекшелігі – командалардың жарысқа тегін қатысуы, яғни ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді. Ұйымдастырушылар турнирдің жақсы өтуіне ерекше ...

    Read More »

    Чемпиондар ұстаханасы әз Наурызды қарсы алды

    Елімізде Наурыз мейрамы әлі жалғасын тауып, жер-жерде сән-салтанатымен өткізіліп келеді. Алматы қаласындағы Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі шаңырағы керемет Ұлыстың ұлы күнін көктемгі көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік наурызда сахна төрінде ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымызды мектеп-интернат ұжымының ұстаздары тамаша сахналық көріністер арқылы көрсете білді. Ата-бабымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, үзбей келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сахналаған кезде кеудемізде ерекше мақтаныш ...

    Read More »

    Арулардың айшықты мерекесі

    Тал бесіктен тербеткен аналар ұлттың қайсар ұлын тәрбиелейді. Жаугершілік заманда да ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару ұстап елін қорған халық эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Ақжүніс, Назымдар, бергі дәуірде Домалақ ана, Айша-бибі, Ұлжан, Ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпандар еліне демеу, еріне сүйеу бола білген.  Сонымен қатар, көрікті кескін келбетімен, елмен елді ақылдылығымен, даналығымен ...

    Read More »

    Алматыда Әлем кубогының кезеңі өтеді

    28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау курортында фристайлдан FIS Әлем кубогының кезеңі өтеді. Жарыс могул / параллель могул және шаңғы акробатикасы бойынша болады. Атап айтқанда, 28 ақпанда – жеке могулдан, 1 наурызда – параллель могулдан, 2 наурызда – шаңғы акробатикасынан жарыс өтеді деп жоспарлануда. Фристайл әлеміндегі, әсіресе могул мен шаңғы акробатикасындағы жанкүйерлер мәдениеті-адреналин, жылдамдық және таң қалыстың миксі. ...

    Read More »

    Бақытжан Әлпейісовтің жаңа белесі

    Қазақстанның танымал актері Бақытжан Әлпейісов Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында ұстаздық қызметіне кіріскенін айтты. «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актер, бастапқыда «сабақ беруге қабілетім жете ме» деп күмәнданғанын жасырмады. Бірақ тәуекелге бел буып, білгенімен бөлісу туралы шешім қабылдайды. Ең бастысы – ниет. Бұл мен үшін жаңа, әрі өте қызық тәжірибе, – дейді ол. Биылғы қыста ол қалыптасқан дәстүр бойынша ...

    Read More »

    Тұлпардың тұлпары «Талисман»

    «Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар», деген қазақтың бір қанатты сөзі бар. Сонау 1990-1992 жылдары қазақ даласында өткен аламан бәйгелердің алдын бермеген, есімі ел аузында аңыз болып қалған «Талисман» есімді тұлпарға айтылса керек. «Талисман» Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылынан шыққан. Ат иесі Тұсынбек Ыбырайымов. «Талисманның» иесі тайында Дегерес жылқы зауытынан бір көліктің құнына  сатып алған екен. Ат иесінің жүйрікті тұрысынан ...

    Read More »