13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жамбылдық балуан Қошқар Дін-Мұхамед 67 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол алғашқы айналымдарда сенімді күресіп, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Армения өкілі, тәжірибелі балуан Славик Галстянға ұпай санымен есе жібергенімен, бұл дода Дін-Мұхамед үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Айта кетерлігі, бұл оның ересектер арасындағы екінші әлем ...
Read More »Tag Archives: әлем чемпионаты
Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына төрт допты тоғытты
Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын ойнады. Матчта ұлттық құрамада Ғалымжан Кенжебектің тамаша ойынымен көзге түсті. Ол әуелі 26-минутта бірінші голын соқты. Содан кейін ол командаласы Бахтиёр Зайнутдиновке пас беріп, соңғысы оны голға айналдыра білді. Екінші таймда да ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы да Лихтенштейннің қақпасын нысанаға алды. Ал 81-минутта Әлібек Қасым ...
Read More »Бүгін қарт құрлықта ұлттық құрамалар алаңға шығады
Бүгін Еуропаның бірнеше қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріне қатысын жатқан ұлттық құрама командалар алаңға шығады. Матчтар төрт топтағы құрамалар арасында болады. C тобында Шотландия мен Грекия, Беларусь пен Дания ойнайды. Қазір Дания мен Шотландия турнир кестесінде екі турдан кейін 4 ұпаймен бірінші және екінші орында келе жатса, Грекия үш ұпай алды. Ал Беларусь құрамасында әзірше ұпай ...
Read More »Дана Әбдірова мен Алан Құрманғалиев — жүлдегер!
Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол әйелдер арасында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Мио Широканеге есе жіберді. Әлем чемпионаты 8 қазанда аяқталады. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің ...
Read More »Түркістан облысының әкімі де спортшыларға автокөлік табыс етті
Түркістан облысының спортшылары биылғы жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 жүлде, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды. – Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен ...
Read More »Кадеттер арасындағы ӘЧ-2025: қазақтың қаршадай балалары әлем чемпионы атанды
Алматыда кадеттер арасындағы биылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Осы әлемдік додада 8 жастағы Әлиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек пен 12 жастағы Данис Қуандықұлы чемпион атағын жеңіп алды. Осының нәтижесінде еліміз командалық есепте де үздік шықты. Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 ...
Read More »Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!
Перудің астанасы Лима қаласында өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 19 жастағы отандасымыз әлем чемпионатының 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 ...
Read More »Пара жүзуден ӘЧ: Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алды
Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомствоның хабарлауынша, бірінші орын бейтарап ел атынан қатысқан спортшы Тимофей Гукқа бұйырса, үшін орынды украиндық Федина Алексей иеленді. Бұл – Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы ...
Read More »XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!
Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...
Read More »Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Әлем чемпионаты 19–30 қыркүйек аралығында болады. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы жас шахматшылар қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатқа қазірдің өзінде 88 елден 850-ден астам жас шахматшы тіркелді. Олардың қатарында Үндістаннан (28), Қытайдан (25), АҚШ-тан (24) қатысушылар бар. Қазақстан чемпионат иесі ретінде 200-ден астам ойыншыны қатыстырады. Әлемдік дода Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Халықаралық шахмат ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары