• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионаты

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу тобында көш бастады (ВИДЕО)

    2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің кезекті ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румыния командасымен кездесті. Матч 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда ұлттық құрамада Дуглас, Альберт Ақбалықов, Эдсон мен Біржан Оразов бір-бір голдан салды. Румыния құрамасында Маня дубль жасаса, Сассе ойнының соңында есепті бір голға қысқартты. Осы жеңістен кейін кейін ұлттық құрама 6 ұпай жинап, өз тобында ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Ризабек Айтмұхан финалға шықты

    Сербияның Белград қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 86 кг салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін таласта Бахрейн балуанынан басым түсіп, жүлдемен қоса Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ал 92 кг салмақта күш сынасқан Ризабек Айтмұхан барлық қарсыластарын ұтып, финалға шықты. Жартылай финалда ол осы салмақтағы (92 кг) көшбасшының ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Азамат Дәулетбеков пен Өсімжан Дастанбек қола жүлдеге таласады

    Бүгін Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Париж Олимпиадасының 90 жолдамасы сарапқа салынатын доданы еркін күрес шеберлері бастады. Алғашқы жарыс күні бозкілемге ұлттық құрама сапынан Өсімжан Дастанбек (61 кг), Санжар Досжанов (70 кг), Азамат Дәулетбеков пен аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмурзаев шықты. Былтырғы әлем ...

    Read More »

    Шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатына неге қатыспағанын айтты

    Шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшаның Быдгош қаласында өткен командалық әлем чемпионатына неге қатыспағанын айтты. Ол әлеуметтік желіде оқырманның бірінің: «Командада сіз неге болмадыңыз?» — деген сұрағына «қыздар жарады, мен жастарға орынымды бердім, — деп қысқаша жауап берді. Жансая Әбдімәлік сәуір айында тұрмысқа шыққан болатын. Оның жұбайы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Инстаграмда шахматшы үйлену ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан күміс жүлдегер атанды

    Шахматтан Польшаның Быдгощ қаласында  өткен командалық әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда қыздар құрамасы Грузия командасынан екі матчта да  1,5-2,5, 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті. Қола жүлдені Франция құрамасы жеңіп алды. Француздар  үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларын ұтты. Еске ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: іріктеу турниріне Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланд пен Румыния командаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 16 ойыншы енді. Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы: Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Нұралем Байдулла («Атырау»); Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Жахангир Рашит (барлығы ...

    Read More »

    Александр Винокуров Ironman-нан әлем чемпионы атанды

    Велоспорттан Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team клубының бас менеджері Александр Винокуров Францияның Ницца қаласында өзінің жас санатында өткен Ironman жарысында әлем чемпионы атанды. Ол 140,6 мильдік квестте алтын медальді жеңіп алды. Бұл жарысқа барынша дайындалдым. Өйткені, жақында Шотландияның Глазго қаласында өткен әлем чемпионатындағы жетістігімді қайталағым келді. Осы мақсатыма жеттім де. Бұл менің Ironman-дағы екінші жеңісім. Ниццадағы трассамен бұрыннан таныспын. Бұл ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы финалға шықты

    Шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы  Польшаның Быдгощ қаласында  өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында финалға шықты. Шахматшылар жартылай финалда Франция құрамасымен ойнап, жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар бар. Енді финалда Қазақстан шахматшылары ½ финалда АҚШ командасын жеңген Грузиямен кездеседі. Матч 11 қыркүйекте сағат 18.00-де басталады. Әлем чемпионатына 12 команда ...

    Read More »

    Қазақстан шахматшылары әлем чемпионатының ширек финалына шықты (ВИДЕО)

    Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан ФИДЕ-нің ІХ командалық әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 4 жеңіс (8 ұпай) бар. К Кеше ұлттық құрама Франция мен Украина командаларын жеңді. Оның алдында Үндістан мен Египет командасынан басым түскен. Топтық кезеңдегі шешуші турда Қазақстан Грузиямен сынға түседі. Ал В тобында 7 ұпаймен АҚШ бірінші орында келе ...

    Read More »

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы көш бастады

    Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты болып жатыр. Қазір А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан мен Египет құрамаларын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты. Әлем чемпиоантының алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) египеттік Шрук Вафаны, сосын Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения ...

    Read More »