• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионаты

    Рыбакина Билли Джин Кинг кубогы турниріне қатыспауы мүмкін

    Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасында Билли Джин Кинг кубогы үшін турнир басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр.   Кеше ұлттық құрама Австралия командасымен алғашқы ойынын ойнады. Өкінішке қарай, бұл матчқа еліміздің бірінші және әлемнің тқртінші ракеткасы Елена Рыбакина қатыса алмады. Ол денсаулығына байланысты кортқа шыға алмағанын айтты. Бұл туралы құрама команданың капитаны Ярослава Шведова айтты. Мексиканың Канкун қаласындағы турнир ...

    Read More »

    Жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

    Теннистен еліміздің қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Billie Jean King Juniors Finals турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қыздар құрамасы алғашқы ойында Аргентина теннисшілерін жеңді. Мачта бірінші болып кортқа Полина Слепцова шықты. Қазір Полина ITF Juniors рейтингінде 224 келеді. Ол ITF тізімінде 117-оныда тұрған Соль Айлинді 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңді. ...

    Read More »

    Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан әуесқойлар құрамасы күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді. Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 ...

    Read More »

    Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны анықталды

    Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай мемлекетте болатыны анықталды. Ол Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. ФИФА президенті Джанни Инфантино 2034 жылы өтетін әлем чемпионатының Австралияның сайлауға қатысудан бас тартқанына байланысты Араб түбегіндегі мемлекетте болатынын айтты. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Австралия өзінің өтінімін алғаннан кейін Сауд Арабиясы әлемдік доданы өткізуге үміткер жалғыз ел болып қалған. Еске салсақ, 2026 ...

    Read More »

    Қазақ балуаны UWW шешімімен қазан айының үздік спортшысы атанды

    Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling — грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы, — ред.) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады.  Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жақында Албанияның астанасы – Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын жеңіп алды. Сөйтіп, Сұлтан ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары тұңғыш әлем чемпионы атанды

    Өткен аптада еліміздің бір топ спортшысы бірнеше елде халықаралық жарысқа қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Венгрияның астанасы — Будапештте WKF каратэден мәресіне жеткен әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) топ жарып, спорттың осы түрінен ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды. Сонымен қатар Қайсар Алпысбай (60 кг) әлем біріншілігінің – күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдесіне ие ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді финалға шықты

    Албанияның астанасы – Тирана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен (U23) әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының балуаны Асылжан Есенгелді финалға шықты. Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аса тартысты өткен жартылай финалда Қырғызстанның бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті. Оған дейін Асылжан Есенгелді бірінші белдесуінде жапон Каито Моританы, ширек финалда үнді балуаны Акаш Дахияны с жеңді. Бүгін отандасымыз бас ...

    Read More »

    «Жаңа жұлдыз»: Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды

    Италияның Пула қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста шахматтың блиц түрінен өткен сында отандасымыз 18 жастағы Ксения Балабаева чемпион атанды. Əмина Қайырбекова күміс жүлдеге ие болды. Екі шахматшы да 8,5 ұпайдан жинап, жарысты тең аяқтады. Тек қосымша көрсеткіштер бойынша Ксения Балабаева басымдыққа ие болып, алтын медаль алды. Бірнеше күн бұрын рапидте чемпион болған Говхар ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан іріктеу кезеңінде төртінші рет жеңіске жетті (ФОТО, ВИДЕО)

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінде қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы ұлттық құрама Әзербайжан командасымен кездесіп,3:2 есебімен басым түсті. Матчта алаң иелері 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасады. Ойында командалар бірінші минуттан бастап аңдыспай, бірден шабуылға шықты. Соның нәтижесінде бірінші болып қонақтар есеп ашты. 4-минутта Амадеу голдың авторы атанды. Одан кейін 8-минутта Апшерон ...

    Read More »

    Бар қазақтың жеңісі!

    «Ерім!» дейтін елім бар екен! Он тоғыздағы Ризабек соны түсінген шығар. Түсінбеуі, сезінбеуі мүмкін емес. Өйткені, басқа жерді айтпағанда, Астана әуежайындағы тілеулестердің патша көңілі біздің өзімізді толқытып жіберді. Құдды, өз баласы, өз бауыры дүние чемпионы болғандай ақжарма пейіл, айтып болмас шаттық сезім осындағы әр қазақтың жанарынан жұлдыздай жарқырап тұрды. Жұлдызды жігіттің төбесі көрінген сәтте жайшылықтағы сабырлы, қарапайым бауырлар ду ете ...

    Read More »