• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Біріккен күрес одағы

    Дана Әбдірова мен Алан Құрманғалиев — жүлдегер!

    Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Ол әйелдер арасында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Мио Широканеге есе жіберді.

    Әлем чемпионаты 8 қазанда аяқталады.

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдені иеленді.

    Алан Құрманғалиев жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен ойнады.

    Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

    1/4 финалда Құрманғалиев жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *