• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионаты

    Күрестен ӘЧ: Арсен Жұма — қола жүлдегер!

    Арсен Жұма грек-рим күресінен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Балуан үшінші орын үшін күресте Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді. Бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдені иеленген болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Диас Сейітқалиев U20 санатында күміс жүлдегер атанды

    Балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді. Финалда Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Енді ертең  Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Еркін күрестен U20 ӘЧ: Қазақстан балуандары бес медальмен келе жатыр

    Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес балуандарының күресі аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бес медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын жүлде. Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) мен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...

    Read More »

    Әйелдер күресінен U20 ӘЧ: Анна Стратан қола жүлдегері атанды

    Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды. Финалда Стратан Швецияның спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының жалпы тізімі

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 37 ойыншы енді. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек ...

    Read More »

    Еркін күрестен U20 ӘЧ: Камиль Куруглиев — күміс жүлдегер!

    Камиль Куруглиев еркін күрестен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шығып, күміс жүлдегер атанды. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстанның балуаны  Шерзод Поеновпен күресті. Тартысты белдесуде Поенов 3:2 есебімен жеңді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанса, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 ...

    Read More »

    Қазақ күресінен ӘЧ: Қазақстан қоржынында – 8 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлде!

    Астана төрінде тұңғыш рет өткен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен бұл дүбірлі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігердің тоғысқан шынайы мерекесі болды. Бұл чемпионат — ұлттық спортымыздың әлемдік деңгейдегі беделін айқындаған тарихи белес. Бозкілемдегі әр белдесу ...

    Read More »

    Балуандар Афинадан 11 жүлдемен келе жатыр

    Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді. Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздар арасында Мадхия ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Жасөспірімдер үшінші орыннан көрінді

    Грекияның астанасы – Афина қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сында еркін күрестен Қазақстан құрамасы үш қола медальді иеленді. Үшінші орыннан балуандар Данаэль Әбдіқасым (51 килоға дейін), Бекасыл Асамбек (60 килоға дейін) пен Дінмұхамед Қасымбек (80 килоға дейін) көрінді. Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды АҚШ құрамасы жеңіп алса, Иран спортшылары екінші орынға шықты. ...

    Read More »

    Тарихи қола жүлде

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстаннның намысын қорғаған төрт саңлағымыз қола жүлдені жеңіп алып, әлемді аузына қаратты. Сын алаңына шыққан Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжановтар төрттігі үшінші орын үшін бәсекеде осы спорт түрінде алдына жан салмай әлемдік  рейтингте үшінші сатыда келе жатқан Франция құрамасын  тас-талқан етіп жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл ...

    Read More »