• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Аустралия ашық чемпионаты

    Australian Open-2026: Елена Рыбакина – чемпион!

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.  Титулға барар жолда Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда жарыстың 2-ракеткасы Ига Швентектен, жартылай финалда алтыншы нөмірлі болып тіркелген Джессика Пегуладан айласын асырды. 2023 жылы Рыбакина мен Соболенко финалда ойнаған еді. Сол кезде ...

    Read More »

    Australian Open: Заңғар Нұрланұлы бес сағат ойнап, алғаш рет жартылай финалға шықты

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған теннисші турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген. Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен ойнады. Бірінші партияда оның қарсыласы 6:3 есебімен басымдық танытты. Тайталасқа толы матчта екінші сетте қазақ спортшысы тай-брейкте – 7:6 (7:4) есебімен қарымта қайырды. ...

    Read More »

    Australian Open-2026: Рыбакина мен Данилина финалға шықты

    Теннисшілер Анна Данилина мен Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Қаазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен бірге жұптық сында өнер көрсетуде. Жартылай финалда Данилина мен Крунич канадалық Габриэла Дабровски пен бразилиялық Луиза Стефаниден 2:1 (7:6 (7:2), 3:6, 6:4) есебімен жеңді. Елена Рыбакина болса, жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнады. Қарсыластар осыған дейін ...

    Read More »

    Australian Open: Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

    17 жастағы теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды. Қазақстан теннисшісі бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 5:2 болған кезде матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады. Есеп ...

    Read More »

    Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты

    Аустралияда теннистен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Australian Open турнирінде Әмір Омарханов ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы. Әмір Омарханов ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңді. Корей теннисшісі тізімде 26-орында тұрса, Омарханов 27-орында. Матчқа келсек, отандасымыз бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске ...

    Read More »

    Әмір Омарханов Australian open турнирінде үшінші айналымға шықты (ВИДЕО)

    Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан Australian open турнирінде Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Әуеле ол жарыста турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасады. Одан кейін 16 жастағы теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Ал үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. ...

    Read More »