• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Әмір Омарханов Australian open турнирінде үшінші айналымға шықты (ВИДЕО)

    Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан Australian open турнирінде Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.

    Әуеле ол жарыста турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасады. Одан кейін 16 жастағы теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Ал үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ал матятың соңында тағы бір брейк жасап, 6:3 есебімен қарсыласынан айласын асырды.

    Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

    Енді Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *