• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: мерейтой

    Алып-ұшып алпыстың асқарына да келіп қалыппын

    «Уақыт деген аққан судай, соққан желдей, көрген түстей өте шығады», деген екен Бейімбет Майлин. Расыменде алпыстың асқарына қалай келіп қалғанымды білмей де қалыппын. Осы бір келген алпысымды тыныш жатып қарсы алуды жөн көрмей, жарыс өткізіп, бір іс-шара жасап жіберген едік. Иә, «Артқа қарайлаған сайын қартаясың», демекші Алла берген осы жасымда қазақ еліне не істей алғаным туралы бір есеп берейін, ол ...

    Read More »

    Ақын Ордабай асқаралы алпыс жасқа келді

    Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен бірге менің әріптесім, досым, ағам, замандасым Ақын Ордабайдың жеке мерекесі — көптен күткен мерейтойы да келіп жетті. 60 жас! Ел ағасы жасы! Тамаша сан! Спорт саласында жүрген азаматтар қатарында Ақынды білмейтін жан жоқ шығар. Өз өмірін 30 жылдан астам спорт журналистикасына «қиған» тұлға бүгінде өз жемісін көруде: С. Бердіқұлов атындағы жүлденің лауреаты, қанды Желтоқсан қозғалысының сыйлы ...

    Read More »

    Qazsport телеарнасына 10 жыл толды (ФОТО)

    Астанада Qazaqstan телерадиокорпорациясы Qazsport телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өткізді, деп хабарлады ТРК-ның баспасөз қызметі. Open Air  пішінінде ұйымдастырылған мерекелік кешке Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент депутаттары, федерация өкілдері мен спортшылар қатысты. Qazsport телеарнасы Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап ашылды. Осы аралықта арнаның хабар тарату ...

    Read More »

    Астанада Халық батырына құрмет көрсетіледі

    Биыл Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай  Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 3 сәуірде сағат 18.00-де  «ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ» атты академиялық концерт ұсынады. Концертте симфониялық оркестр мен этно-фольклорлық ансамбль бірлесіп, алғаш рет синтезделген формада өнер көрсетеді. Бұл — Қазақстанда алғаш рет жасалып отырған экспериментті концерт. Халық батыры Амангелді Имановқа танымал композиторлар ...

    Read More »

    Қазақ спорты баспасөзінің қарашаңырағы

    Биыл «Спорт» газетіне 60 жыл толып отыр. Бұл басылым 1959 жылдың 1 қаң­тарынан жарық көре бастаған кезден бері талай қазақ баласының спортқа деген қызы­ғушылығын оятып, тәрбиелеп шығарған. Мұны әлі күнге дейін жасы 80-нен асқан ақсақалдарымыз айтып отырады. «Осы газетпен талай балаларымыз, жастарымыз тыныстап өсті», деп сағынышпен еске алады. Иә, аталарымыз рас айтады. «Спорт» – қазақ баспасөзінің тари­хында қазақ және орыс ...

    Read More »

    Қазақ күресінің желбіреген жалауы

    Серік Төкеев ағамызды бізден артық білетін адамдар көп қой. Оны өзімен өмір бойы үзеңгілес болып, сырласып жүрген әріптестері жақсы біледі. Ал біздің Серік ағамен таныстығымызға 13 жылдай ғана уақыт болыпты. Содан бері екеуміз ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. Секеңмен таныстығым 2004 жылы басталған. Бұл – Афина Олимпиадасы өтетін жыл болатын. Сол жылы «Егемен Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде спортшылардың төрт жылда бір ...

    Read More »