Астанада туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында туризм және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру, төрағасын сайлау, хатшыны тағайындау, ережені бекіту, төралқаны сайлау сияқты мәселелер қаралды, деп хабарлады ведомство. Кеңес құрамына салалық ұйымдардың басшылары, Парламент Сенатының депутаттары, спорт ардагерлері, Олимпиада және әлем чемпиондары, туристік қауымдастық өкілдері кірді. Ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің ...
Read More »Tag Archives: Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрі Олимпиадада велоспорттан жүлде күтетінін ескертті (ВИДЕО)
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорт федерациясының басшылығымен кездесіп, биылғы есебін тыңдады. Федерация өкілдері спортшылардың нәтижелері туралы айтып, төртжылдықтың басты додасына дайындық жоспарларына тоқталды, деп хабарлады ведомство. Биылғы жылғы Азия ойындарында велошосседен Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, екі алтын және бір күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер бәсекесінде бір қола медаль бар. Велотрек пен маунтинбайк (тау велосипеді) жарысында өкінішке ...
Read More »Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды
Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары —МСМ Спорт комитеті ...
Read More »Ермек Маржықпаев ауыр атлетикадағы допинг мәселесімен күресуді тапсырды
Туризм және спорт министрі Ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлады ведомство. Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген ...
Read More »Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды
Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын болды, деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар іс-шарада келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды. Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық спорт ...
Read More »Қостанай облысында 44 инвестициялық жоба дайындалып жатыр – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қостанай облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Алқалы жиынға өңір азаматтары, қоғам белсенділері, журналистер, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты, деп хабарлады ведомство. Қостанайдағы Жастар сарайында өткен кездесуде Ермек Маржықпаев министрліктің биылғы жұмысы, туризм және спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалар және ведомствоның алдағы жоспарларын баяндады. 2025 жылға дейін елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдана ...
Read More »Астана халқы ұлттық құраманы әуежайдан қарсы алды (ВИДЕО)
Бүгін сағат 12:30-да Астана қаласының тұрғындары футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасын Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан күтіп алды. Салтанатты қарсы алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, футболшылардың туған-туыстары, достары мен жанкүйерлер қатысты, деп хабарлады ведомство. Кездесуде Ермек Маржықпаев ұлттық құрамаға жасыл алаңдағы жанкешті ойыны үшін алғыс айтты. Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше ...
Read More »Бүгін Астанаға футболдан ұлттық құрама команда келеді
Бүгін сағат 12.30-да Астанаға Словенияның Любляна қаласынан футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы ұшып келеді. Қазақстан құрамасын салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі Н.Назарбаев әуежайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Футболшыларды күтіп алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек қатысады, — делінген хабарламада. Бүгін Қазақстан ұлттық құрама командасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения ...
Read More »Боксшылардың жарысқа дайындығында кемшілік көп – министр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша федерациялардың есебін тыңдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлады ведомство. Бұл жолы еліміздегі ең танымал спорт түрлері саналатын бокс пен дзюдо федерациясының өкілдері есеп берді. Жиында олар спортшылардың Ханчжоудағы жарыс туралы айтып, көңіл көншітпейтін нәтиже көрсетуінің себептерін баяндады. Ермек Маржықпаев боксшылардың физикалық және функционалды дайындығында кем ...
Read More »Азиада қорытындысы: министр федерацияларды сынады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев семсерлесу және таэквондо федерацияларының басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Жиында спорт түрлерінің Азия ойындарындағы қорытынды есебі тыңдалып, алдағы Париж Олимпиадасына қатысты жоспарлар пысықталды, деп хабарлады ведомство. Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы көрсеткен нәтижелерге көңілі толмайтынын жеткізіп, федерация өкілдерінің Азиада алдында берген міндеттемелерін орындай алмағанын қатты сынға алды. Айта кету керек, семсершілер Азия ойындарында 1 алтын, 1 ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары