• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Магомед Адиев ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметінде қалады — ҚФФ

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің қызметінде қалатынын айтты, деп хабарлады Bassport.kz.

    Магомед Адиев ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып қалады. Қазір біз футболды дамыту үшін үлкен жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Стратегиямыз бар. Жоба көп, — деді ол.

    Сонымен бірге Адиев Қазақстан премьер-лигасындағы бір клубтың жаттықтырушысы қызметін қоса атқаруы мүмкін.

    Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 27 сәуірден бастап жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы С тобында Әзербайжан, Словакия мен Беларусь командаларынан озып, бірінші орынға шықты.  Өз тобының жеңімпазы болды. Ал Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Н тобында 18 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Бұл топта еліміздің абс командасы 10 ойынның алтауын жеңді. Бұған дейін ұлттық құрамада мұндай нәтиже болған емес.

    Енді ұлттық құрамаға Еуро-2024 додасына жолдама алуға тағы бір мүмкіндік беріледі. Келесі жылы наурыз айында Қазақстан командасы «Төрттік турнирінде» сырт алаңда Грекия жасағымен ойнайды.

    Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург кездеседі. Осы матчтарда жеңген командалар бір-бірімен финалда кездесіп, ойынды жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады. Егер Қазақстан құрамасы Грекия командасын жеңсе, онда өз алаңында Грузия-Люксембург матчында жеңген жасақпен кездеседі. Бұл мүмкіндік еліміздің бас командасына 2022/2023 жылдардағы маусымда Ұлттар лигасындағы С тобында бірінші орын алғаны үшін беріліп отыр.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *