• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Оралда қазақ күресі палуандары шеберліктерін көрсетті

    Орал қаласында қазақ күресінен 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер және 50 жастан асқан ардагерлер арасында самбо күресінен Бүкілқазақстандық жазғы Спартакиаданың жеңімпазы, самбо және қазақ күресінен КСРО спорт шебері Иват Әбілұлы Еришевті еске алуға арналған ашық қалааралық турнирдің алғашқы күні өз мәресіне жетті.

    Осы турнирде ардагер палуандар жастары жігіт ағасы жасына жетсе де кілемде жастардан кем күрескен жоқ. Әсіресе, аса ауыр салмақтағы белдесулер қызықты және тартысты өтті. Бұл сында Батыс Қазақстан облысы қазақ күресі фе­де­ра­циясының президенті, өзі талай жеңімпаздарды тәрбиелеген жаттықтырушы, күрестің бірнеше түрінен спорт шебері Қаймен Есендияров қарсыластарының бәрін жығып, бас жүлдені жеңіп алды.

    –Өзім жинақы жүргенді жақсы көремін. Адам өмірде шымыр да шыдамды, жинақы да жігерлі, денені шынықтырумен айналысып, спортты серік етсе бәрі жақсы болады. Осы спорттың арқасында жасымыз елуден асса да талай дүрмекті додаларға барып, ел намысын қорғап келеміз. Бүгінгі турнирде де намысқа тырысып, жастарға үлгі болсын деп кілемге шықтық,– деді ол.

    Ал турнирде төменде аттары аталған палуандар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

    60 кг салмақта:

    І орын – Амангелді Бақтияров

    ІІ орын — Әділбек Қайыров

    ІІІ орын – Әбілқасым Халиуллин

    ІІІ орын – Армат Сейсенов

    70 кг салмақта:

    І орын – Сұңғат Бекқалиев

    ІІ орын – Марат Ысмағұлов

    ІІІ орын – Ереш Бейсенғалиев

    ІІІ орын – Жұмабек Сұлтанов

     80 кг салмақта:

    І орын – Байболда Құбашев

    ІІ орын – Болатбек Қожаев

    ІІІ орын – Ержан Қайрошев

    ІІІ орын – Әділбек Алғазиев

    90 кг салмақта:

    І орын – Ғаділбек Сатыбалдиев

    ІІ орын – Айтбай Тастайбеков

    ІІІ орын – Серік Ықсанғалиев

    ІІІ орын – Тілек Кәкенов

    +90 кг салмақта:

    І орын – Қаймен Есендияров

    ІІ орын – Жайсан Есекенов

    ІІІ орын – Руслан Есенғалиев

    ІІІ орын – Өтеген Қалауов

    Бас төреші: Жасұлан Қауысов

    Рүстем ЖҰМАН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *