• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әсел Далиева – тоғыз дүркін әлем чемпионы әрі рекордшы

    Қазақтың тоғызқұмалақшы ару қызы Әсел Далиева жуырда тоғызқұмалақтан өткен әлемнің V чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті.

    Бұл – Әселдің тоғызыншы рет  алған әлемдік алтын медалі. Бұндай көрсеткішке тоғызқұмалақ бойынша қыздар арасында әлі ешкім жеткен емес. Ол классика мен блиц форматында алдына жан салмады.  Ә.Далиева тек қана майталман зияткер ойыншы емес, ол ұлағатты ұстаздық жолда да өзін көрсете бастады.

    Таяуда ғана тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 9 дүркін әлем чемпионы, еліміздегі «100 жаңа есім» жобасының иегері, Түркістан облысының спортшысы әрі бапкері Әсел Далиеваның тоғызқұмалақ туралы  «Шеберлер талдаулары» атты еңбегі төрт тілде  – қазақ, орыс, ағылшын, түрік  тілдерінде жарияланды. Әселді өз шәкірттері де мақтан тұтады.

    Серік ЕРҒАЛИ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *