• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Зияткерлік ойындар

    Бибісара Асаубаева — блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы!

    Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. «Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-ін иеленді. Былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған», — ...

    Read More »

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтті

    Бүгін www.playok.com сайтында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ашық республикалық онлайн турнирі өтті, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарысқа еліміздің 17 аймағынан 375 спортшы қатысты. Онда жарысқа қатысушылар 11 турда мықтыны анықтады. Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша 1-орынды Ринат Керейбаев (Павлодар облысы) иеленсе, 2-орынға Алматы қаласынан Рахат Айтбаев ие болды. 3-орынды  қостанайлық Арман Какашов пен  Ақтөбе ...

    Read More »

    Студенттер онлайн сайыс өткізді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді. 23-24 мамырда iggamecenter.com сайтында өткен турнирде 47 студент бақ сынады. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар: Ұлдар арасында 1-орын Ернар Боданов 2-орын Рауан Мнайдаров 3-орын Нұртай Сүлейменов Қыздар арасында 1-орын Айша Мырзағалиева 2-орын Дильназ ...

    Read More »

    Бесасықтан бас жүлдегер анықталды

    «Бесасықтан» жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы онлайн турнирдің жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.  Бірінші орынды Silkway халықаралық университеті студенті Айжан Серікова жеңіп алды. Екінші орынға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілі Алтынай Совет, үшінші орынға Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті Әйгерім Бақытқызы мен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясының студенті Ләйла Әубакірова ие ...

    Read More »

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнир мәресіне жетті

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды. Турнир 2-3 мамырда  iggamecentre.com сайтында онлайн турнирі өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Оған еліміздегі  3 қала мен 14 облыстан 68 оқушы, соның ішінде 1 спорт шебері, 24 спорт шеберіне үміткер ...

    Read More »

    Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2-3 мамырда мектеп оқушылары арасында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді, деп хабарлады аталған ведомстоның орталығы. Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен  облыстардан  68 оқушы қатысуға өтінім берген. Олардың ішінде 1 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер бар. Қалғандары — 1 дәрежелі спортшылар.  

    Read More »

    Ала тақтаның жеңімпаздары анықталады

    Білім және ғылым министрлігі  «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Team Kazakhstan командасының техникалық қолдауымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған шахматтан онлайн турнир https://www.chess.com//club/jastalap сайтында өткізілді, деп хабарлады аталған ведомство орталығының баспасөз қызметі. Сайысқа қатысу үшін 46 білім ордасынан 180 өтінім келіп түсті, 127 студент қатысты. Жеңімпаздар осы аптада белгілі болады.  

    Read More »

    Онлайн турнирлер таптырмас алаңға айналды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп,  жоғары оқу орындарының студенттері арасында  тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді.  Оған 89 студент қатысты.  Сайыс Iggamecenter.com  платформасында өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығы хабарлады. Турнирде ұлдар арасында бірінші орынды Ринат Керейбаев (Павлодар МПУ) жеңіп алды. Екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның студенті  Абылайхан Сүлеймен иеленсе, үшінші орынды Азамат ...

    Read More »

    Шахматтан онлайн турнир өтеді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақ, бес асық және шахматтан онлайн турнирлер өтіп жатыр. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады. 25 сәуірде шахмат https://www.chess.com//club/jastalap сайтында (тіркеу уақыты 20-23 сәуір), 1-2 мамырда бес асық ойыны бойынша (тіркеу уақыты 27-30 сәуір) турнир ұйымдастырылады. Шахмат турнирі Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық ...

    Read More »

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнирдің жеңімпазы анықталды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ федерациясы бірлесіп, жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді, деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметі. Турнир Iggamecenter.com  платформасында ұйымдастырылды. Сайыста жекелей сында ұлдар арасында бірінші орынды Павлодар МПУ, екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, ал орынды Ақтөбе ӨМУ жеңіп алды. Қыздар арасында да Павлодар МПУ студенттері жеңімпаз атанды. ...

    Read More »