Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2-3 мамырда мектеп оқушылары арасында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді, деп хабарлады аталған ведомстоның орталығы.
Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен облыстардан 68 оқушы қатысуға өтінім берген. Олардың ішінде 1 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер бар. Қалғандары — 1 дәрежелі спортшылар.