• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда «Дарабоз – 2019» турнирі аяқталды

    Атыраудың Талдыкөл елдімекені аумағында өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесімен қатар ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2019» турнирі  өтті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы.

    11-12 қазан күндері Махамбет ауданындағы Талдыкөлдің төсін дүбірлеткен «Дарабоз-2019» турнирі атыраулықтардың аса қызыға тамашалаған спорттық жарысы болды.  Жайық жағасындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыс  алаңына халық молынан жиналды. Ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге түрлерінен және қазақы тазы иттер жарысы бойынша өткен «Дарабоз-2019» турнирінің жалпы жүлде қоры 32 миллион теңгеден астам.

    Атырау қаласы күніне орай, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының,  облыстық «Ұлттық спорт түрлері» федерациясының (басшысы Асланбек Жанбалаев) ұйымдастыруымен өткен «Дарабоз» турнирі биылғы жылы үшінші рет ту көтерді. Еске сала өтелік, биылғы Жастар жылына байланысты «Дарабоз-2019» турнирінің  көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату бәсекелері 26 жасқа дейінгі жастар арасында өтті.

    ЖАМБЫ АТУ (Дарабоз-2019)

    Мергендік бәсекесіне Ақмола облысынан Жалғас Құрман мен Есдәулет Рыспамбетов, Жамбыл облысынан Дәмір Аманбек пен Бақдәулет Бабажан (Жастар арасындағы І Азия чемпионатының жеңімпазы), Нұр-Сұлтан қаласынан Ынтымақ Шыңғысбай, Атырау қаласынан Амангелді Өмірзақов, Солтүстік Қазақстан облысынан Әлия Бекен, Батыс Қазақстан облысынан Қайнар Қосмағұлов  және Түркістан облысынан Айтбек Сарыбай мен Бекзат Жақсыбек қатысты.

    Садақ атудың «Қалқан ату»  және Жамбы ату стилінен сынға түскен жас мергендер осы екі сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сонымен «Дарабоз-2019» турнирінің Жамбы ату бойынша Жамбыл облысының жас өрені Бақдәулет Бабажан 34 ұпаймен жеңімпазы атанды.
    Күміс жүлдені екі стиль бойынша 24 ұпай жинаған Атырау қаласының түлегі Амангелді Өмірзақов иеленді. Турнирдің қола жүлдесі Жамбы ату спортындағы санаулы қыздарымыздың бірі, «Дарабоз-2019» турниріне қатысқан жалғыз қыз – Әлия Бекенге  бұйырды. Солтүстік өңірдің мерген қызы 15 ұпайды олжалады.

    ТЕҢГЕ ІЛУ (Дарабоз-2019)

    Теңге ілу сайысына  Боранбаев Ізбасар (Ақмола облысы), Нұролла Ғабдулайбат (Ақмола облысы), Мағжан Жеңісов  (Батыс Қазақстан облысы), Мансұр Жұмыров (Атырау қаласы), Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы), Жандос Қалымтаев (Ақмола облысы), Нұрхан Елжанов (Жамбыл облысы), Махамбет Наурызбек (жамбыл облысы),  Рахат Комбаров (Түркістан облысы), Нұрлыхан Ұлықпанов (Атырау қаласы), Бекнұр Серіков (Батыс Қазақстан облысы), Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе облысы) және Нұрбағылан Сәдуақас (Түркістан облысы) қатысып, төмендегі спортшылар теңге ілуде шеберлік оздырды.

    1 орынНұрбағылан Сәдуақас (Түркістан облысы)

    2 орын – Рахат Комбаров (Түркістан облысы)

    3 орын – Нұрхан Елжанов  (Жамбыл облысы)

    АУДАРЫСПАҚ (Дарабоз-2019)

    Қалың жанкүйер қауымның назарын аударған бәсекенің бірі – жастар арасындағы аударыспақ спорты болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас балуандар арасында ақтөбелік Арман Сағынбаевтың жұлдызы жанды. Бұған дейін ересектер арасында ІІІ Азия чемпионатының жеңімпазы атанған Арман балуанға өз замандастары ішінен қарсылас шақ келмеді.

    1-орын: Арман Сағынбаев (Ақтөбе облысы)

    2-орын: Абзал Сағынтаев (Жамбыл облысы)

    3-орын: Мейірбек Құсайынов (Атырау облысы)

    КӨКПАР (Дарабоз-2019)

    Командалық көкпар ойынына қатысқан Атырау өңіріндегі «Нарын», «Мырза-адай», «Жуалы» командалары арасындағы бәсеке екі күн бойы тамашаланды. Ойын нәтижелеріне келсек, «Мырза-адай» құрама командасы  «Жуалы» командасын 2:0 есебімен ұтса, «Нарын» командасы мен «Жуалы» командасы арасындағы ойын 6:1 есебімен аяқталды. Сөйтіп, финалдық ойын «Нарын» командасы мен «Мырза-адай» командалары арасында өтті. Ақтық бәсекеде тәжірибесі мол «Нарын» командасы турнир жеңімпазы атанды. Ойын 7:0 есебімен аяқталды.

    1 орын – «Нарын» командасы

    2 орын – «Мырза-адай» командасы

    3 орын – «Жуалы» командасы

    АЛАМАН БӘЙГЕ (Дарабоз-2019)

      8 айналымнан тұратын 25 шақырымдық аламан бәйгеде 12 сәйгүлік бақ сынады. Бұл ат жарысында алдыңғы келген 5 жүйрікке жүлде берілді.

    1-орын: Алматы облысы Қарасай ауданынан келген «Жел» атты ағылшын тұқымды 4 жасар күрең айғыр. Шабандозы – Ақжол Жұматай, ат иесі – Әлнұр Назарбаев, бапкері – Болат Бөбекбаев.

    2-орын: Қарағанды облысынан келген «Бұйрық атты ағылшын тұқымды 6 жасар қара айғыр. Шабандозы – Еркебұлан Елтай, ат иесі әрі бапкері – Жасұлан Сейілов.
    3-орын: Батыс Қазақстан облысынан келген «Батыр» атты ағылшын тұқымды 4 жасар қара айғыр. Шабандозы – Дәурен Бисұлтан, ат иесі Жанқабыл Сәтбаев, бапкері – Ерназ Сәтбаев.
    4-орын: Алматы облысынан келген «Керуха» атты ағылшын тұқымды 5 жасар кері айғыр. Шабандозы – Асылқұл Ақан, ат иесі – Асылбек Сейтәшімов, бапкері – Қайыржан Рахымбаев.
    5-орын: Павлодар облысы Баянауыл ауданынан келген «Ақтілек» атты ағылшын тұқымды 5 жасар қарагер айғыр. Шабандозы – Ерхан Ырысбаев, ат иесі – Бірілік Кәрімов, бапкері – Мақсат Нұржанұлы.

    ТОП БӘЙГЕ (Дарабоз-2019)
           12 шақырымдық топ бәйгеде жиырмаға жуық сәйгүлік бақ сынады.  Бас бәйгесіне 2 млн теңге тігілген топ бәйгеде де 5 атқа жүлде берілді.

    1-орын: Ақтөбе облысынан келген «Мисис» атты ағылшын тұқымды 4 жасар торы қасқа айғыр. Шабандозы – Алдияр Сансызбай, ат иесі – Бекбол Байжарқынов, бапкері – Дархан Дәуелов.

    2-орын: Жамбыл облысынан келген «Гермес» атты ағылшын тұқымды 3 жасар торы байтал. Шабандозы – Бауыржан Үргенішбаев, ат иесі – Есбол Жапбасов, бапкері – Мұхамед Халық.
    3-орын: Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Қазына» атты ағылшын тұқымды 5 жасар қарагер айғыр. Шабандозы – Ерхан Ырысбаев, ат иесі – Даниель Каримов, Мақсат Нұржанұлы.
    4-орын: Ақтөбе облысынан келген «Шерханә» атты ағылшын тұқымды 3 жасар жирен қасқа айғыр. Шабандозы – Мүсілім Тұрақбай, ат иесі – Бекбол Байжарқынов, бапкері – Дархан Дәуелов.

    5 орын. Атырау облысының жүйрігі «Гүлсезім» атты торы байтал. Шабандозы – Арыстанбай Қасиет, ат иесі Жасталап Танкиев, ат бапкері – кенже Өмірқұл.

    ҚҰНАН БӘЙГЕ (Дарабоз-2019)

    7  шақырымдық құнан бәйгеде 23 жас тұлпар бақ сынады. Бас бәйге Алматы облысының «Албанторы» атты жүйрігіне бұйырды.

    1 орын – «Албанторы» (Алматы облысы), шабандозы – Сүнетай Нұрболат, ат иесі Мерхат Бұлғынов, ат бапкері – Нұржігіт Табылдиев.

    2 орын – «Ақжайық» (Шығыс Қазақстан облысы), шабандозы – Рауан, ат иесі – Жарқын Темірбаев, ат бапкері – Ринат Шахидбаев.

    3 орын – «Бақторы» (Алматы облысы), шабандозы – Ақжол Жұматай, ат иесі – Әлнұр Назарбаев, ат бапкері – Болат  Бөбекбаев.

    4 орын – «Индисата» (Ақтөбе облысы), шабандозы – Тұрақбай Муслим, ат иесі – Бекбол Байжарқынов, ат бапкері – Дархан Дәуелов.

    5 орын – «Турнир» (Шымкент қаласы), шабандозы – Аманжол Жандос, ат иесі – Жеңіс Тозақбаев, ат бапкері – Елтай Қилыбаев.

    ЖОРҒА ЖАРЫС (Дарабоз-2019)

    Жүрісінен су төгілмес жорға жарыстың бас бәйгесі 2 млн теңге болды. Бұл жарыста Солтүстік Қазақстан облысынан келген Арман Қабдуллаевтың екі жорғасының бірі бас бәйгені алса, екіншісі  бесінші орынды иеленді.

    1-орын: Солтүстік Қазақстан облысынан келген «Реванш» атты қаракер жорға. Шабандозы – Александр Корнилов, ат иесі – Арман Қабдуллаев, бапкері – Александр Корнилов.

    2-орын: Алматы облысынанк елген «Альт» атты ағылшын тұқымды 4 жастағы торы жорға. Шабандозы – Болат Сисебек, ат иесі – Диас Айдос, бапкері – Жанғабыл Қымызбаев. (1 млн теңге)

    3-орын: Ақтөбе облысынан келген «Бөрте» атты боз жорға. Шабандозы – Андрей Зейновой, ат иесі – Серік Мұқашев, бапкері – Арман Старцов. (500000 теңге).

    4-орын: Алматы облысынан келген «Аягөз» атты ағылшын тұқымды 5 жастағы боз жорға. Шабандозы – Асылқұл Ақын, ат иесі – Асылбек Сейтәшімов, бапкері – Қайыржан Рақымбаев. (300000 теңге).

    5-орын: СҚО-дан келген «Мотив» атты торы жорға. Шабандозы – Алена Дакучаева, ат иесі – Арман Қабдуллаев, бапкері – Александр Корнилов. (200000 теңге).

    ТАЗЫ ИТТЕР ЖАРЫСЫ (Дарабоз-2019)

    Қазақтың  таза қанды тазы иттерінің жылдамдығын анықтау және таза тұқымды  тазы иттердің тұқымға сәйкестігін анықтауға арналған жарысқа Атырау өңірінен барлығы 45 тазы қатысты.  Тұқымға сәйкестілігін байқау кезеңінде бұлардың ішінен 9 күшік тазыға ең жоғары ұпай берілді. Әділқазылар алқасы 36 ересек тазылар арасынан 28 итті асыл тұқымды, 8 итті асыл тұқымға жақын деп бағалады. Тазы иттерді бағалау алқасына халықаралық дәрежедегі 3 эксперт қатысты. Жарыстың бас төрешісі – республикалық «Тазы-Төбет-Бөрібасар» федерациясының президенті Оралбек Тоқтарұлы Қайсанов болды.

     1 орын – «Тұйғын», иесі – Дүйсалиев

    2 орын – «Нөкер», иесі – Мұхтаров

    3 орын – «Жолды», иесі – Оралов

    4 орын – «Құмай», иесі – Әбдірахманов

    5 орын – «Қыран», иесі – Өміралиев

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *