• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркістан облысында атақты көкпаршының турнирі өтеді

    2019 жылғы 26 қазан мен 2 қараша аралығында атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаевтың турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

    Көкпардан жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатысады. Еске сала өтелік, Әбілхан Дауылбаевтың турнирі бұған дейін бірнеше мәрте ересектер арасында ұйымдастырылған болатын.

    Әбілхан ДАУЫЛБАЕВ  – Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу ауылында 1950 жылы 13 сәуірде дүниеге келген.  Оңтүстік өңірдегі даңқты көкпаршылардың бірі. Отыз жылдан астам жаппай көкпар шапқан ардагер шабандоз. Көкпардан КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы (1980-1991).  1984 жылдан көкпардан Қазақстан құрама командасының капитаны болды. Командалық көкпардан Қазақ КСР спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2010), «Алтын тұғыр» иегері (2017). Түркістан облысы, Түлкібас ауданы облыстық ат спорты мектебінің директоры қызметін атқарған (2008-2018).  Қазіргі кезде зейнеткер.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *