• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ата-аналар «Үлгі бол» эстафетасын бастады

    Карантин кезінде ата-аналар балаларының бос уақытын пайдалы өткізуге тырысуда, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның баспасөз қызметі.

    Ұрпақ қамын ойлау  — бүкіл қауымға ортақ парыз. Өскелең ұрпақ — еліміздің ертеңі, кемел келешегі. Әсіресе, ер адамның тәрбиесі мен өнегесі жоғары бағаланады. Өйткені ер кісінің ойы әрқашанда нық,  зейінді келеді. Ер азаматты  абыройы, намысы, қайраттылығы  ерекшелеп тұрады.

    «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын дана халқымыз сыйғыза білген.

    Қазіргі таңда жаһанды жайлаған індетке байланысты елімізде де қауіпсіздік шаралары қабылданып, барлық білім беру жүйесі қашықтан оқытуға көшкен. Осы орайда, ұстаздардың жаңа заманның технологияларын жете меңгеруі, қашықтан оқушылар мен студенттерді үйлестіруі басты назарға алынып отыр. Сонымен қатар отбасындағы ата-ананың балаларының білім мен тәрбиесімен айналысуына көңіл бөлуі үшін үлкен мүмкіндік туды.

    Қазақ «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», деп жайдан жай айтпаса керек. Республиканың түпкір-түпкірінен баласының дене шынықтыру сабағы жаттығуларын үй жағдайында орындауына қолдау білдіріп, бірге спортпен шұғылданып жүрген ата-аналар легі артуда.

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» челленджі кеңінен таралып, енді отбасылық спортпен шұғылдануға насихаттайтын «Үлгі бол» эстафетасы  бастау алды. Алғашқылардың бірі болып, Орал мен Тараз, Қызылорда қалаларының әкелері бастама көтерген еді.

    Өзіңіз де ұл-қызыңызбен жаттығу жасап, бейнематериалын 87766110111 уатсап номеріне жолдай аласыз!

     Іске сәт!

    ҮЛГІ БОЛ отбасылық эстафетасын жалғастырғыңыз келсе, #жаттығу жасап, 87766110111 whatsapp номеріне жолдаңыз!

    #спорт #монрк #қашықтаноқыту

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *