• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық ойыннан онлайн турнир өтті

    18-19 сәуірде тоғызқұмалақ  турнирі Iggamecenter.com платформасында өтті. Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп өткізген жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы бұл турнирге 89 студент қатысты. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Турнирде ұлдар арасында бірінші орынды Ринат Керейбаев (Павлодар МПУ) жеңіп алды. Екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның студенті  Абылайхан Сүлеймен иеленсе, үшінші орынды Азамат Қайдаров (Ақтөбе ӨМУ) пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің өкілі Асылбек Қаржаубаев бөлісті.

    Қыздар арасында Павлодар МПУ-нің студенті Аружан Абдыханова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдеге Гүлжанат Алдабергенова (Ақтөбе ӨМУ) ие болса, қола медальді Рахматуллаева Аружан (ҚазҰМУ) мен Қазақ бас  сәулет құрылыс академиясының студенті Айтолған Әжтүрлі қанағат тұтты.

    Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барша жастарды спортты серік етуге шақырамыз!

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *