• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Онлайн турнирлер таптырмас алаңға айналды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп,  жоғары оқу орындарының студенттері арасында  тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді.  Оған 89 студент қатысты.  Сайыс Iggamecenter.com  платформасында өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығы хабарлады.

    Турнирде ұлдар арасында бірінші орынды Ринат Керейбаев (Павлодар МПУ) жеңіп алды. Екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның студенті  Абылайхан Сүлеймен иеленсе, үшінші орынды Азамат Қайдаров (Ақтөбе ӨМУ) пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің өкілі Асылбек Қаржаубаев бөлісті.

    Қыздар арасында Павлодар МПУ-нің студенті Аружан Абдыханова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдеге Гүлжанат Алдабергенова (Ақтөбе ӨМУ) ие болса, қола медальді Рахматуллаева Аружан (ҚазҰМУ) мен Қазақ бас  сәулет құрылыс академиясының студенті Айтолған Әжтүрлі қанағат тұтты.

    Жеңімпаздар Ринат Керейбаев пен Аружан Абдыханова жарыстың өте қызықты әрі тартысты өткенін, алдағы уақытта да осындай жарыстарда бақ сынағысы келетіндерін айтты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *