• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бапкерлер балуандардың белдесулерін бас бармақпен бағалады

    Алматыда әйелдер күресінен ел үздіктері анықталды.

    Барлығы 10 салмақта өзара мықтыны анықтаған бұрымды балуандар белдесуін бас бапкер Нұрлан Аманқосов бас бармақпен бағалады.

    -Алматыдағы әйелдер арасындағы биылғы Қазақстан чемпионаты өте тартысты, өзіміз ойлағандай қызықты белдесулерге толы болды. Жас қыздар да ересектерден қалыспай, жеңіс тұғырына көтерілді, –деді ол.

    Чемпионатта бұрымды балуандар арасынан жаңа есімдер де жарқ етіп шығып, бір күнде бапкер көзіне түсіп үлгергендер де бар.

    Бүгінгі күні Қазақстанда әйелдер күресінен болашақта ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғайтын бұрымдылар қатары күн санап артып келеді. Оны Қазақстан чемпионатында балуандардың тартысты белдесулері дәлелдеді. Ал осы чемпионатта Республикалық спорт колледждің намысын қорғап, боз кілемге шыққан үш бірдей балуан қыздарымыз Мәдина Жеңісқызы, Айзада Жүніс, Айнұр Әшімова жүлделі үшінші орыннан көрініп, қола медальдарға ие болды.

    Бабы мен бағы келіскен бұрымды балуандарымызға жеке тоқталар болсақ, 50 килода белдескен Мәдина Жеңісқызы 2019 жылғы Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатына қатысушы. Қазір Республикалық спорт колледжінің 3-курс студенті.

    53 кг салмақта өнер көрсеткен Айзада Жүніс 2019 жылғы ел чемпионатының қола жүлдегері. Республикалық спорт колледжінің 3-курс студенті.

    55 кило салмақта белдескен Айнұр Әшімова 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының қола медаль иегері. Республикалық спорт колледжінің 1-курс студенті.

    Жүлдегер қыздардың жаттықтырушылары Әділет Ермаков, Талғат Керімбаев, Дәулет Нұрқожа мен Қуаныш Жақсыбай. Жаттықтырушы Талғат Керімбаевтың айтуынша, ендігі жоспар 2021 жылы ақпан айында Алматыда өтетін Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалып, қыздарды жүлделі орындардан көру.

     

    Думан АРҒЫНГЕЛДІ,

    Республикалық спорт колледжі

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *